Date of publication: 22.09.2016 10:38
Date of changing: 26.09.2016 19:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

Дәулет Ерғожин салық салудың өзекті мәселелері бойынша конференцияға қатысты

 

2016 жылы 22 қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Астанада «Салық салудың өзекті мәселелері: жаңа салық-кеден кодексі, электрондық шот-фактуралар, жалпыға ортақ салық декларациясы және бақылау-кассалық машиналар» тақырыбында өткен конференцияда сөз сөйледі.

Конференция жұмысына ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев, ҚР ҚМ МКК әдістеме департаментінің директоры Толғанай Ботақанова, Астана қаласының МКД төрағасы Абылқайыр Сқақов, сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдардың, жетекші аудиторлық, заңдық және кеңес беру  ұйымдарының өкілдері, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, сонымен қатар, бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстанның салық төлеушілері ассоциациясы және Салық және кеден кеңесшілерінің ұлттық ассоциациясы ҚР ҚМ МКК және Астана қаласы МКД  бірлесе ұйымдастырған шараға 1 мыңнан астам адам қатысады.

Дәулет Ерғожин өз баяндамасында комитет ұсынып отырған кедендік әкімшілендіруді жақсарту жаңалықтары туралы айтты.

«Жаңа салық және кеден ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар шекарадағы барлық кеден операцияларын тауар шығарғаннан бастап барлық кедендік бақылауды жүзеге асырғанға дейін автоматтандыруға мүмкіндік береді және электронды шот-фактураларды қолдану арқылы тауарды әрі қарай қадағалауға жағдай жасайды», - деп айтып кетті ол.

Оның сөзіне сәйкес шекарадан өту 29 минутқа дейін қысқарады, декларациялардың 30% шекарада беріледі. Бұл жағдайда транзиттік декларацияны ресімдеу операциялары, тауарды тағайындалған орнына дейін жеткізу, УСҚ орналастыру, ішкі кеден декларациясын беру жойылады.

Сондай-ақ, Д.Ерғожин «Ішкі тұтыну тауарларын шығарудың кедендік үдерісі» үрдісін оңтайландыру бойынша ұсынылатын шаралар әсері орта есеппен бір үдеріс бойынша: уақыт үнемдеу – 42,4 сағат, қаражат үнемдеу – 14,2 мың теңге (немесе 4,9 доллар) құрайды. Орта есеппен бір жылда: уақыт үнемдеу – 14,5 млн сағат; қаражат  үнемдеу – 4,8 млрд теңге (немесе 14,3 млн доллар).

Өз сөзін қорыта келе, Д.Ерғожин ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, конференция заңнамалық бастамаларды талқыға салу үшін жақсы алаң болғанын айтып өтті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)