Date of publication: 20.10.2016 17:18
Date of changing: 20.10.2016 18:04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                                                                    

Баспасөз-релизі

Тегеранда экономикалық ынтымақтастық ұйымының кедендік қызметтері басшылары кеңесінің кездесуі.

 

 

         2016 жылғы 19 қазанда Тегеран қаласында (Иран Республикасы)  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин бастаған қазақстандық делегация Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) кедендік қызметтері басшылары кеңесінің 7-і кездесуіне қатысты.

Бұл кездесу тоғыз жылдық үзілістен кейін болғандықтан ерекше маңызға ие. Атылмыш кеңес жұмыстың қайта жалғасуы ЭЫҰ елдері үшін айырықша маңызды. Ол осы аймақтағы сауда-экономикалық саланың дамуына серпіліс береді.

Форумда: өзара ақпарат алмасу, контрабанда және кедендік бұзушылықтар туралы мәліметтер қорын құру, кедендік істер бойынша әкімшілік өзара көмек туралы Келісімнің жобасын мақұлдау, сондай-ақ ЭЫҰ кедендік органдары қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы және біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шара аяғында кедендік сарапшылар комитет бөлігінің 3-ші Есебіне қол қойылды.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)