Date of publication: 15.04.2015 15:33
Date of changing: 22.08.2018 11:25

 

Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

1) қол қойылатын бонус;

2) коммерциялық табу бонусы.

Қол қойылатын бонус

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн:

1) барлауға арналған келісімшартты;

2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;

3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.

Осы баптың бірiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртібін Салық кодексінің 314-бабымен белгіленген. 

Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) белгіленген соманың елу проценті - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) белгіленген соманың елу проценті - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.

Коммерциялық табу бонусы

Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.

Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.

Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;

2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;

2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.

Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:

1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;

2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.

Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

Осы баптың және Салық кодексінің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары - алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.

Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:

1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, Салық кодексінің 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, Салық кодексінің 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

2) Салық кодексінің 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, Салық кодексінің 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.

Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондондағы металдар биржасында немесе Лондондағы қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленеді.

Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) Салық кодексінің 317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;

2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;

3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.

Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.