Date of publication: 05.12.2016 10:54
Date of changing: 05.12.2016 11:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясының алғашқы жеңімпаздарын марапаттады

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясын одан әрі жалғастыруды.

Қарашаның бірінші онкүндігінде барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ағымдағы жылғы 1 және 31 қазан аралығында чектерді жіберген азаматтар арасында сыйлықтардың бірінші ұтысы өткізілді.

Аталған кезеңде «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы 226 мыңнан астам чек келіп түсті.

48 акцияға қатысушы бағалы сыйлықтарға ие болды.

Оған қоса, акцияға белсенді қатысып, ең көп чек жіберген тағы 26 адам сыйлықтар алды.

Осылайша жалпы саны 74 сыйлық ұтысқа салынды.

Қазан айының жеңімпаздары 18 смартфонның, 9 теледидардың, сондай-ақ шаңсорғыштар мен үтіктердің (5), планшеттер мен музыкалық орталықтардың (3), ноутбуктердің (2) және басқа да құнды сыйлықтардың иегерлері атанды. 

Жеңімпаздарға қарап, акцияға әлеуметтік топтардың барлығы дерлік қатысып отырғандығын көреміз.

Қазан бойынша жеңімпаздардың арасында уақытша жұмыс істемейтіндер (10), жеке меншік ұйымдардың жұмыскерлері (10), үй шаруашылығындағы және баланы бағу бойынша демалыстағы әйел адамдар (9), бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері (9), сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер (7) мен кәсіпкерлер (5) басым.

Сонымен қатар, 2 зейнеткер, мектеп оқушысы, студент және докторант сыйлыққа ие болды.

10 желтоқсанға дейін мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық департаменттерінде акция бойынша екінші ұтыс пен жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі.  

Бүгінгі күні «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясы бойынша бізге миллионнан аса фискалды чек келіп түсті.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының екінші жартысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен басты финал өткізіледі. Онда басты сыйлық – автомобиль ойнатылады.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)