Date of publication: 05.12.2016 11:58
Date of changing: 05.12.2016 11:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасының үйлестіруші тобының 2-ші аймақтық отырысы болды

 

2016 жылғы 29 қарашада Бішкек қаласында Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасының үйлестіруші тобының 2-ші аймақтық отырысы (БОМКА-9) өтті.

Отырысқа Орталық Азия мен Еуропалық одақтың кедендік, көші-қон және шекаралық қызметтерінің өкілдері қатысты. ҚР ҚМ МКК-тінің атынан Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Марина Давидовская қатысты.

Кездесудің мақсаты БОМКА-9 бағдарламасының 2016 жылғы қортындыларын шығару, 2017 жылғы іс-шараларын тізімін бекіту және 2018 жылғы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды қарастыру болды.

Қатысушы тараптар БОМКА-9 бағдарламасының 2016 жылғы жоғары тиімділігін атап өтт. Адами ресурстарды басқару, кедендік және шекаралық ведомствалардың оқу орындарының өзара іс-қимылы, біртұтас кедендік білім беруді қалыптастыру, шекарадағы қауіпсіздікті, өткізу пунктерінде бақылауды қамтамасыз ету, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау кезіндегі тәуекелдерді саралау тақырыптарында аймақтық және ұлттық семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Тараптар 2017 жылы шекараларды кешенді басқару, шекаралық ведомствалардың әлеуетін өсіру, кедендік тәуекелдерді басқару, электрондық кедендік жүйені жасау, «бір аялдама» және «біртұтас терезе» тұжырымдамаларын дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

2018 жылғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау кезінде қырғыз тарапы адал басқару қағидасын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және шекараларды үйлесімді басқаруды жалғастыруды ұсынды.

Қазақстандық тарап мемлекетке қауіп төндіретін тұлғалардың келуін болдырмау мақсатында Еуропалық одақтың жолаушылар туралы ақпаратты алмасу жүйесін (Passenger Name Record) зерттеуді ұсынды. Қазақстандық тараптың екінші ұсынысы аймақта реадмиссия бойынша ақпараттық орталықты құру болды.

БОМКА-9  үйлестірушілері қатысушылаға құнды ұсыныстары үшін алғысын білдірді және оларды іс-қимыл жоспарларына енгізілгендігі туралы хабардар етті.     

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)