Date of publication: 17.02.2017 23:06
Date of changing: 17.02.2017 23:11

Құрметті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесінің (ЭШФ АЖ) өнімділігін арттыруға орай өткізілген техникалық жұмыстардың аяқталғаны жайлы хабарлайды. Ақпараттық жүйе 2017 жылдың 17 ақпан күні сағат 23-00-ден бастап (Астана қ. уақыты бойынша) штаттық тәртіпте жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйе жұмысын уақытша тоқтатуға дейінгі жіберілген шот-фактуралар жүйеде өңделіп, олардың жіберілу күнімен тіркелетініне назар аударуларыңызды сұраймыз.