Date of publication: 23.02.2017 17:43
Date of changing: 24.02.2017 16:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алқасы болып өтті

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен кеңейтілген алқа отырысына Министрліктің бөлімшелері мен  аумақтық органдары басшылары, сондай-ақ шақырылған қонақтар – ҚР Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Қоғамдық кеңес мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының  басшылары қатысты.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) төрағасы Ардақ Теңгебаев негізгі баяндамашылардың бірі ретінде МКК Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша атқарған қызметі туралы мәлімдеп, ведомствоның жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Нақты айтқанда, кәсіпкерлік шығындарды қысқарту арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту үшін салықтық әкімшелендіру әдістері мен тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмысы тұрақты түрде атқарылып отыр. 

Мәселен, Комитет ҚҚС бойынша тіркелу жүйесінің реформаларын өткізуде. Мұқият әрі жан-жақты талдау өткізілді. Табылған әкімшілік тосқауылдар алынып тасталатын болады. Нәтижесінде: аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күннен 1 күнге дейін азаяды; «Салық төлеушінің Кабинетінде» және «Электронды үкіметінің» веб-порталында ҚҚС төлеушіні тіркеу үшін берілетін салық анықтамасының электронды баламасы пайда болады; ҚҚС бойынша тіркеуден бас тарту үшін негіз бола алатын тексеріс іс-шаралар алынып тасталатын болады.

МКК төрағасы айтқандай: «Осы өзгерістер ағымдағы жылдың мамыр айында күшіне еніп, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдете алады».

Сонымен қатар, өткен жылдың сәуір айынан бастап Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің экстерриториалдық принципін енгізу бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл принцип бойынша салық төлеушілер қай жерде, қай ауданда тіркелгеніне қарамастан кез келген мемлекеттік кірістер органда қызметтер пакетін ала алады.

Бүгінгі таңда бұл принцип бойынша 2000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Пилоттық жобаның қорытындыларынан кейін аталған моделі бүкіл елімізде қолданылатын болады.

         Бұған қоса, МКК төрағасы өз баяндамасында халықтық бақылаудың түрлі нысандарын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Комитет бизнес қоғамдастықпен бірлесіп «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» атты кең көлемді акцияны өткізді.

Сөз қорытындысында Ардақ Мырзабайұлы «Атамекен» ҰКП өкілдерін  бизнесті жүргізуді жеңілдету бойынша жұмысты бірлесіп атқаруға шақырды.

«Өз тарапымыздан, біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Ақ тізімді», яғни өз салық міндеттемелерін уақытылы орындайтын және салық жүктемесінің жоғары коэффициенті бар әділ салық төлеушілер тізімін құруды ұсынамыз. Бұл «Ақ тізім» бақылау нысандары  және тексерулерді жоспарлау кезіңдегі тәуекелді басқарудың біріктірілген жүйесі үшін негізгі критерий болады. Тек бірігіп жұмыс істесек қана, біз Қазақстанның бизнес ортасын түбегейлі жақсарта аламыз»,- қорытындады МКК төрағасы.

        

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)