Date of publication: 12.06.2017 17:32
Date of changing: 12.06.2017 17:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының мұражайымен іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында, ЕХРО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің өтуі қарсаңында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы  ПЛЕНЭР «Қазақстанның болашақ энергиясы» атты Қазақстанның барлық аймағының өнерлі балалары үшін ұйымдастырылған І-Республикалық балалар өнері конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

ҚР ҚМ МКК мәртебесін көтеру мақсатында Кинологиялық орталығының қызметкерлері қызметтік иттерімен көрсетілімдер қойды, Республикалық конкурстың қатысушылары мен жеңімпаздарына интерактивті тренинг (ойын) ұйымдастырылды, өздерін кинолог маман ретінде сезініп қызметтік иттерді басқаруына, сонымен қатар иттердің жақсы энергетикасын алуына мүмкіндік берілді.

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы мамандарының кәсібилігіне  жоғары бағасын Қазақстан Республикасы бірінші Президенті-Елбасының кітапхана басшылығы мен қонақтары берді, Куляйша Кабдуалиевна Актаева «...Аталған шара азаматтық сана мен Қазақстан балаларының патритозымын дамыту үшін маңызды болып табылады» деп атап өтіп, мемлекеттіміздегі терроризм мен есірткі саудасына қарсы күресте баға жетпес үлес қосатын бірден бір қызмет ретінде ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметінің жұмысымен балаларды таныстырғанына мүмкіндік бергені үшін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Кинологиялық орталығы басшылықтарына ерекше алғысын білдірді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)