Date of publication: 14.06.2017 18:50
Date of changing: 19.02.2018 16:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін қызметті алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен және «1414» Бірыңғай байланыс орталығымен бірлескен жобаның жұмысын жалғастыруда, оның шеңберінде кеңес тек қана мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күнде барынша өзекті салық және кеден мәселелері бойынша да беріледі.

Осыған байланысты, «электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйені қолданумен байланысты методологиялық мәселелер болса, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде әкелу кедендік баждарды, жалпыға орта салықтық декларциялауды қолданумен байланысты сұрақтар туындаған кезде, Сіз «1414» Бірыңғай байланыс орталығына жүгіне аласыз, кеңес 24/7/365 режімінде тегін негізінде көрсетіледі.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)