Date of publication: 27.05.2015 11:36
Date of changing: 27.05.2015 11:45

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті осымен  бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту туралы, салықтар бойынша берешектің барлығы туралы, сондай-ақ жаңартулар мен есептер https://www.dropbox.com сілтемесі бойынша қолжетімді деген ақпаратпен пошталық хабарламаларды алған салық төлеушілердің өтініштерінің жиілеуіне байланысты мынаны хабарлайды.

1. Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар бойынша берешектік бары және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңартуды жүргізу туралы ақпараттық хабарларды электрондық пошта бойынша таратылуын жүргізбейді!

2. Ақпараттық хабарларды жариялау үшін www.kgd.gov.kz ресми порталы қолданылады.

3. Салық төлеушілерге арналған барлық бағдарламалық қамтамасыз етулер www.kgd.gov.kz  ресми порталында орналасқан және электронды пошта бойынша таратылмайды.

4. Мемлекеттік кірістер комитеті атынан электронды пошта бойынша ақпараттық хабарды алған жағдайда, хабар жіберген мекен-жайды, хабар мәтінін мұқият оқыңыз және де хабарда көрсетілген сілтеме бойынша ешқашан өтпеңіз. Әдеттегідей қаскүнемдер жок мекен-жайлы көрсетеді. Тіпті, егерде мекен-жай Комитет мекен-жайымен дәл келсе (kgd.gov.kz таңбалары бар), қайталаймыз, Мемлекеттік кірістер комитеті электронды пошта арқылы өзінің қызметімен байланысты басқа мәселелер бойынша, салық берешегінің бар болуы, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту туралы ақпараттық хабарды ТАРАТПАЙДЫ. 

Сізбен алынған хабарламаларда зиянды БҚ сілтемелер қамтылған, олар бойынша өтсеңіз сіз өз компьютеріңізді қаскүнем бағдарламалық қамтамасыз етумен зақымдану қаупіне итермелейсіз, ол тек қана компьютерге ғана зиянын келтірмейді, сонымен қатар сіздің кәсіпорында орнатылған банктік және басқа да жүйелерге заңсыз қолжетімділікке әкелуі мүсмкін.

Туындаған оқиғаны жүргізу шеңберінде МКК аталған хабарларды тарататын тұлғаларды анықтау үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдады. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен материалдар ҚР Бас прокуратурасына жіберілді.

Одан басқа, материалдар антивирусты «Касперский» БҚ өндірушісінің зертханасына атиалған кодты нейтралдауға мүмкіндік беретін жаңартуларды шығару мен зиян келтіретін кодты анықтау үшін жіберілді.