Date of publication: 09.08.2017 12:19
Date of changing: 09.08.2017 12:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Салықты банкоматтар арқылы төлеу артықшылығы – төлемдерді кез келген уақытта және кез келген елді-мекенде төлеу мүмкіндігі

 

Салық төлеушілердің банктік шоттары бар болған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, төлемдерді банкоматтар және басқа да электронды құрылғылар арқылы төлеу механизмі жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді «Салық төлеуші кабинеті» (www.kgd.gov.kz)  web-қосымшасы арқылы, Электрондық үкімет порталының «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Аталған қызмет Электрондық үкімет порталының «Салықтар және қаржылар» және «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» - «Салық берешегін қарау және төлеу» бөлімдерінде орналастырылған.

Салықты банкомат және басқа да электронды құрылғылар арқылы төлеудің басты артықшылығы – банктерге бармай және кезектерде тұрмай, төлемдерді кез келген уақытта және кез келген елді-мекенде төлеу мүмкіндігі болып табылады.

Сонымен қатар, электрондық қызметтердің тарифтері банктермен салыстырғанда төмен екенін ескере кетейік.

Сондай-ақ, интернетке қосылған дербес компьютерлер көмегімен сіз үйден немесе кеңседен шықпай төлемдерді жүзеге асыра аласыз.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкомат арқылы жүзеге асыру үшін банктің төлем карточкасы болуы тиіс.

Тиісті мемлекеттік кірістер органын таңдау үшін банкоматтардың, «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасының интерфейсінде мемлекеттік кірістер органдарының тізімі мен кодтары орналастырылған.

Төлемдерді банкоматтар және басқа да электронды құрылғылар арқылы жүзеге асыру барысында салық төлеушіге төлемнің жүзеге асырылғандығын растайтын құжат беріледі.

Осылайша, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар және басқа да электронды құрылғылар арқылы жүзеге асыру барысында салық төлеушiнің салықтық мiндеттемелерiн орындау күні осындай төлемнің іске асырылған күнімен сәйкестендіріледі.Салық төлеушінің дербес шотына айыппұл тағылған жағдайда банк шотынан ақшаның алынған күнін және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қолма қол жүзеге асырған күнді қоспағанда, банкоматтар және басқа да электронды құрылғылар арқылы жүзеге асыру барысында аталған төлемнің іске асырылған күні ғана ескеріледі.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)