Date of publication: 13.11.2017 12:03
Date of changing: 13.11.2017 12:07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«2020 жылдарға арналған жастарды қолдау жол картасы» жобасын іске асыру аясында, штат санын толықтыру мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәртебесін көтеру мақсатында 2017 жылғы 06 қарашасында Кинологиялық орталығының базасында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Кеден ісі» факультетінің 3-4 курс студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді.

Ашық есікті өткізудің басты мақсаты Кинологиялық орталығына жұмыс істеу үшін жас мамандарды тарту мен кәсіби кадрларды қалыптастыру болып табылады..

Қонақтарға кинолог мамандар қызметтік иттермен қызметтерінің көрнекі дәрістері көрсетіліп, Кинологиялық орталығының материалды-техникалық базасы мен жабдықтарымен таныстырылды. 

Шараның өтуі кезінде студенттерге мемлекеттік кірістер органдарының сонымен қатар Кинологиялық орталығының алдында тұрған басты міндеттері, олардың дамуының перспективалары, мемлекеттік қызметтің басты басымдықтары мен перспективалары және оған түсудің ережелері, сонымен бірге студенттерге кинолог мамандығы жөнінде, мемлекеттік кірістер органдарында сұранысқа ие мамандықтары бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді. 

Бүгінгі күні заманауи Қазақстан үшін жастар – еліміздің болашақ ресурсы және жастарды қолдау – мемлекетіміздің бұдан әрі дамуының көп жылдық инвеститциясы болып табылады деп есептейміз.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)