Date of publication: 13.02.2018 16:05
Date of changing: 13.02.2018 17:28

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Кастинг» ЖШС өндіріс компаниясы кәсіпкерлердің шығыстарын
қысқартуға қосқан үлесі үшін
 Мемлекеттік кірістер комитетіне шынайы алғысын білдіруде

 

            «Кастинг» ЖШС өндіріс компаниясы болат өнімдерін өндірушісі болып табылады. Мемлекетіміздің қалыптасу кезеңінде, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, ел бюджетін толықтырып, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, біздің кәсіпорынның өндірісі де өсуде. Сіздерге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңа жолдауында («Төртінші Индустриалды Революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері») көрініс тапқан мемлекеттік басқарудағы кәсіпкерлерге арналған шығыстарды қысқартуды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға үлкен үлес қосқаныңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тауарларды тиеуді жеделдететін және кәсіпорынның қаржылық және уақыттық шығындарын азайтатын электрондық кедендік декларацияны енгізу туралы атқарған жұмыстары үшін. Сізге Қазақстан Республикасының игілігі үшін жемісті әрі табысты жұмыс тілейміз.» - деп хатында жазылған.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11