Date of publication: 19.02.2018 17:23
Date of changing: 19.02.2018 17:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен «Экспорттық бақылау аясында өткізу пүнкттерінде қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар» тақырыбында  семинар өткізілген

 

2018  жылдың  14-16  ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі - ОӘО) «Экспорттық бақылау аясында өткізу пүнкттерінде қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар» тақырыптағы қашықтықтағы семинары өткізілген. Бұл семинарға Экспорттық бақылау басқармаларының және Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінің 67 қызметшісі қатысқан.

         Семинар «Polycom» жабдық видеоконференцжелісі арқылы өткізілді. Семинардың дәріскері – Айтжанов Д.А., ОӘО бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы.

         Іс шараның мақсты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кеден бақылаудағы заманауи техникалық құралдарымен жұмыс жасау білімдерін және дағдыларын жетілдіру.    

Қатысушылар кеден бақылау шараларының негізгі талаптарымен, кеден бақылау техникалық құралдарымен (КБТҚ) пайдалану құқық негіздерімен, КБТҚ пайдалану жұмыстарын ұйымдастырумен, жүктерді және тауарларды тексеру қондырғыларының түрлерімен, рентгендік қондырғымен жүмыс жасау қағидаларымен, кеден ісі саласындағы жаңа технологиялардың артықшылықтарымен, радиациялық бақылаудағы автоматтандырылған желісімен және екі мақсатта пайдаланылатын тауарлардың тізімімен танысты.    

Оқу материалдары  ОӘО ftp-платформасында орналастырылды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)