Date of publication: 21.02.2018 11:55
Date of changing: 10.10.2023 11:57

Құрметті "Электрондық шот фактуралардың" ақпараттық жүйесін пайдаланушылары! Сіздердің назарларыңызға ЭШФ АЖ Виртуалды қоймасы жанында тауарларды республикалық есепке алу үшін тауарлардың жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің жіктеуішін  таныстыруға және талқылауға ұсынамыз

Тауарлар,жұмыстар мен қызметтердің жіктеуіші келесі анықтамалықпен ұсынылған (Жүктеу), ол екі деңгейдің мәндерімен толтырылған:

1 деңгей – ЭҚТӨЖ;

2 деңгей – СЭҚТН.

Есеп жүйелерінің тауар номенклатураларында ВҚҒА (виртуалды қойманың ғаламдық анықтамалығы) жіктеуішін қалай пайдалануға болады:

1.    Егер тауарда СЭҚТН белгілі болса, онда маска бойынша "сызықша" белгісі бар байламды пайдалану қажет: ЭҚТӨЖ-СЭҚТН. Мысалды қарастырайық: қоймада импортталған тауар бар - "брокколи қырыққабаты". Бұл жағдайда СЭҚТН белгілі-704100000. ВҚҒА анықтамалығында СЭҚТН коды 704100000" бас қырыққабат, гүлді қырыққабат, колраби, жапырақты қырыққабат және Brassica тектес ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жаңа піскен немесе салқындатылған / гүлді қырыққабат және брокколи "01.13.13.01 - түсті қырыққабат және брокколи"деңгейіне бағынады. Осылайша, ЭШФ толтыру кезінде G17 бағанындағы G бөлімінде - "01.13.13.01-704100000" мәні көрсетіледі.

2. Егер тауар ҚР аумағында өндірілген болса және оның СЭҚТН жоқ болса, онда бұл жағдайда ЭШФ толтыру кезінде G17-бағандағы G бөлімінде "01.13.13.01" ЭШФ деңгейінен ЭҚТӨЖ кодты көрсетуге рұқсат етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Виртуалды қойма модулін қолдау қызметінің 8 (7172) 72-51-61 телефоны бойынша және esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжайға хабарласа аласыз.