Date of publication: 18.04.2018 10:59
Date of changing: 18.04.2018 11:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 16 сәуірінде ҚР ҚМ ОӘО базасында «Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбында видеоконференц байланыс арқылы қашықтықтан техникалық оқу өтті.

Техникалық оқуға аумақтық мемлекеттік кірістер органдары және орталық аппараттың экономикалық тергеу қызметі және кеден бағытынан контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы  жауапты  қызметкерлері қатысты.

Негізгі дәріскер ретінде «Болотов и партнеры» ЖШС аға заңгері Жанат Нұрмағамбетов, қосымша баяндамашылар ретінде - Ресей және ТМД «Levi’s» өкілі Михаил Черемисинов, сондай-ақ Ресей және ТМД «Beiersdorf» өкілі Даниэль Федорков қатысты.

 Іс-шараның мақсаты - зияткерлік меншік құқығын қорғаудың саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Қатысушылар зияткерлік меншік институтымен, авторлық және сабақтас құқық объектілерімен, өнеркәсіптік меншік обьектілерімен,  тауар белгісі ұғымымен, тауар белгісіне құқықтың туындауы және түгесілеуімен, кейбір құқық иелері түпнұсқалық және жалған тауарларының айрықша белгілерімен таныстырылды.

Іс-шара белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Оқу материалдары ftp://192.168.4.30 «ОӘО Семинарлары» папкасына орналыстырылды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)