Date of publication: 18.04.2018 15:30
Date of changing: 18.04.2018 15:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 13  сәуір күні  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі   Мемлекеттік кірістер комитетінің  Кинологиялық орталығы базасында халқымыздың салт-дәстүріне құрмет көрсетіп, ұлтаралық келісімнің белгісі ретінде, сондай-ақ,   ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы қызметкерлінің моральдық-психологиялық ахуалын  көтеру мақсатында ұлттық мерекеміз «Наурыз –мейрамына»  арналған  мерекелік шара өткізіліп, оған оқуға келген кинологтар да қатысты.

Шараға Құрметті қонақ ретінде Түрксіб аудандық  «Нұр Отан» партиясы филиалдарының және ҚР ҚМ МКК   өкілдері шақырылды.

Мерекелік шарада дастархан жайылып, 5 ұлттың тағамдары ұсынылды.

Шараның басты ерекшелігі – Наурыз мерекесін тойлаудағы түркі тектес ұлттардың салт-дәстүрі мен әдебін  насихаттау, сондай-ақ, көрермендерге арналған импровизацияланған  сахнада әр топтың қызметкерлері  бағдарлама талаптарына сәйкес, ұлттық киімде шығармашылық номерлері мен  ұлттық ойындарын көрсетті.

Кинологиялық орталықта киіз үй құрылды.  Орталық қызметкерлері мен кинологтар аталған  мерекелік шараға белсенді қатысып, ұлттық киімде би билеп, ұлттық нақышта ән айтты.

Сонымен қатар «Асық ату» ұлттық ойынынан өзге, «Арқан тартыс»,  «Кір көтеру» және қызметтік иттермен кедергідлерді еңсеру бойынша жарыстартар өткізілді. Наурыз мерекесі жоғарғы деңгейде өткізілді және шара соңында қонақтар мен қызметкерлер наурыз көжеден дәм тартты.

Аталған шара Кинологиялық орталық  қызметкерінің өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың нығайуына  ықпал ететіні сөзсіз. 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)