Date of publication: 20.04.2018 17:53
Date of changing: 20.04.2018 17:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету»

 

Ағымдағы жылдың 16-20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі - ОӘО) мемлекеттік кірістер Департаментінің  рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.

Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға оқыту, «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған  заттарды табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты.

Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» курсы өткізілді. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау барысында заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін, қауіпі ықтимал жағдайындағы жолаушыларды анықтау арқылы, заңсыз әрекеттерді болдырмау және анықтау мақсатында профильдеу әдістерімен танысты.

Қатысушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық тауарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады.

Осы курстың дәріскерлері ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері  Қасымқұлова Л., Ктанов Е., Асилова Г.. болып табылды.

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.

Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)