Date of publication: 25.04.2018 11:29
Date of changing: 25.04.2018 11:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстанда трансферттік баға белгілеу бойынша «үш деңгейлі» құжаттама енгізілді

Сәуір 2018 ж.

        Қысқаша

2017 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) ресми жарияланды.  Басқалармен қатар, Заң трансферттік баға белгілеу бойынша «үш деңгейлі» құжаттаманы әзірлеуді және ұсынуды міндеттейді.

        Егжей - тегжейлі

        Негізгі өзгерістер

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынысына сәйкес салық салынатын базаның жойылуына қарсы және салық салудан жалтарудың алдын алу (Base Erosion and Profit Shifting - BEPS) бағдарламасының 13-ші іс-шарасы шеңберінде Заң халықаралық топтарға (бұдан әрі - ХТ) трансферттік баға белгілеуде «үш деңгейлі» құжаттама әзірлеу мен ұсыну бойынша жаңа міндеттерді енгізді.

Заңдағы өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын ХТ, төменде қарастырылған белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне келесідей есептілік түрлерінен тұратын «үш деңгейлі» құжаттама (бұдан әрі - есептілік) әзірлеуі және ұсынуы қажет:

  • еларалық;
  • негізгі;
  • жергілікті;
  • ХТ-қа қатысу туралы өтініш.

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасымен белгіленген мерзімде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсынбауы, анық немесе толық ұсынбауы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

         Маңызды:

  • еларалық және жергілікті есептілікті кезеңдік ұсыну міндетті түрде болса, негізгі есептілікті уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады (Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда);
  • есептіліктің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

          ХТ анықтау

Заңға өзгерістерге сәйкес, ХТ - халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы:

  • бақылау және (немесе) қатысу арқылы тұлғалар өзара байланыста болады;
  • осы тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстанның резидентi немесе Қазақстанда кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді;
  •  халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес оларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады немесе қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді.

Маңыздысы, ХТ-қа қатысушылар ауқымының жеткілікті кеңдігі және өзіне көптеген еншілес компанияларды/ филиалдарды/Қазақстан Республикасында ХТ-тың тұрақты мекемелерді қосады.

         Еларалық есептілік

Еларалық есептілікті тапсыру бойынша міндет ХТ қатысушыларының келесідей біріне:

  • Қазақстанның резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
  • халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер негізгі компания осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда);
  • Қазақстанның резидентіне немесе белгіленген жағдайлар сақталған жағдайда уәкілетті органның талабы бойынша құрылымдық бөлімшесі, тұрақты мекемесі арқылы Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын резидент емеске жүктеледі (мәселен, негізгі компания шет ел заңнамасына оның резиденттілігіне сәйкес еларалық есептілікті ұсыну бойынша міндеттемні орындамаса немесе мүмкіндігі болмаса немесе мұндай юрисдикция Қазақстанмен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қарастыратын халықаралық келісім-шарттың жоқтығы немесе мұндай келісім-шарттың орындалмауы ).

Еларалық есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:

  • 750 миллион еуроға баламалы - егер ХТ-тың негізгі компаниясы Қазақстанның резиденті болып табылған жағдайда;
  • егер негізгі компания немесе уәкілетті қатысушы Қазақстанның резиденті болып табылмаған жағдайда -  шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген, уәкілетті қатысушысы немесе негізгі компаниясы сол мемлекеттің резиденті болып табылса.

 

 

Ағымдағы жыл үшін еларалық есептілік ХТ-қа қатысушымен уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей немесе еларалық есептілікті тапсыру туралы талап алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынылады.

Заңның еларалық есептілік туралы ережесі ретроспективті 2016 жылғы 1 қаңтардан енгізілгенін маңызды атап өту қажет. Бұл ретте, мұндай есептілік 2016 жыл үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырылу қажет.

      Негізгі есептілік

Уәкілетті органның талабы бойынша негізгі есептілікті тапсыру міндеті келесі ХТ-қа қатысушыларға жүктеледі, олармен Заңның 3-бабына сәйкес бақылауға жататын мәмілелер ағымдағы қаржылық жылы жасалса:

  • Қазақстанның резиденті болып табылатын негізгі компанияға;
  • Уәкілетті қатысушыға (егер мұндай қатысушыға негізгі есептіліткі тапсыру бойынша уәкілеттік берілсе);
  • Негізгі немесе уәкілетті қатысушы болып табылмайтын Қазақстан резидентіне ;
  • Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емеске, егер негізгі компания немесе уәкілетті қатысушысы Қазақстан резиденті болып табылмаса.

Негізгі есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері еларалық есептілік бойынша міндеттеме үшін белгіленген соммадан кем болмаған жағдайда.

Ағымдағы қаржы жылы үшін ұсынылатын негізгі есептілік ХТ-қа қатысушымен уәкілетті органға  осындай есептілікті ұсыну туралы талапты ХТ-қа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады. Заңның негізгі есептілік бойынша ережесі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Маңыздысы, Заңның ережелері ХТ-қа қатысушылардың кең ауқымын қамтиды, және уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген шарттар орындалған жағдайда негізгі есептілікті тиісті жоғарыда айкындалған Қазақстандағы ХТ-тың кез келген еншілесі/филиалы/ тұрақты компаниясынансұратып алуға құқылы.

         Жергілікті есептілік

Жергілікті есептілікті ұсыну міндеттемесі Заңға сәйкес есепті қаржы жылы үшін мәмілелері бақылауға жататын ХТ-ың келесідей қатысушыларына жүктелген:

  • Қазақстанның резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
  • уәкілетті қатысушыға (егер мұндай қатысушыға жергілікті есептілікті ұсыну бойынша уәкілеттік берілсе);
  • Негізгі немесе уәкілетті қатысушы болып табылмайтын Қазақстан резидентіне;
  • Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емеске.

Есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін ХТ-тың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері бес миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен кем болмаған жағдайда.

ХТ-қа қатысушы есепті қаржы жылы үшін жергілікті есептілікті уәкілетті органға жыл сайын есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады. Заңның жергілікті есептілік бойынша ережесі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

         ХТ-қа қатысу туралы өтініш

ХТ-қа қатысу туралы өтінішті ұсыну жөніндегі міндет ХТ-тың барлық қатысушыларына жүктеледі, егер есептіліктің кез келгентүрін (еларалық, негізгі, жергілікті)  тапсыру міндеті (жыл сайынғы немесе талап бойынша) бар болған жағдайда.

Есепті жылға ХТ-қа қатысу туралы өтініш ХТ-тың қатысушысымен уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей  ұсынылады.

Заңның ХТ-қа қатысу туралы өтінішті әзірлеу және ұсыну туралы ережесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазіргі таңда…

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №178 бұйрығымен еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандары және оларды толтырудың қағидалары бекітілді.  

ЭЫДҰ-ының жол картасы шеңберінде Қазақстанның Құзіретті органдардың еларалық есептілікпен автоматты түрде алмасу бойынша көпжақты Келісімге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.   

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)