Date of publication: 16.05.2018 10:15
Date of changing: 16.05.2018 10:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Бір белдеу – Бір жол» бағдарламасына енгізу шеңберінде Салықтық жән кедендік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның екінші күнінде «Бірыңғай терезені» және электрондық декларациялауды енгізу мәселелері бойынша параллель сесиясы

 

Астана қаласында Үшкүндік халықаралық форумның шеңберінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К.Әмрин ағымдағы жылғы 15 мамырда ДКедҰ Еуропалық өңірлік форумында электрондық декларациялау бойынша Қазақстанның тәжірибесін конференция қатысушыларына таныстырды.

Әлемдік практикадағы цифрландырудың басымды бағыттарының бірі кедендік процестерді автоматтандыру болып табылады.

Кедендік әкімшілендіруді автоматтандыру бақылау нәтижелері тек ақпараттық жүйенің көмегімен ғана тіркелетін электрондық құжаттарды пайдаланумен тауарлардың электрондық декларациялауын көздейді.

Осы мақсатта Қазақстан «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізді.

Спикер, АСТАНА-1 АЖ ЕАЭО және ҚР кеден заңнамасына, ДСҰ, ДКедҰ халықаралық стандарттарына, ЕЭК – ЮНКТАД ынтымақтастығы туралы меморандумды іске асыру БҰҰ СЕФАКТ, кеден саласында дамыған елдер қажеттілігінің БҰҰ 33 ЕЭК ұсынымдарына сәйкес әзірленгенін және Е-терезе негізі ретінде Дүниежүзілік банк, оның ішінде Doing Business бойынша оң бағалайтынын атап өтті.

Жобаны іске асыру мақсатында 5 стратегиялық міндет қойылды:

Жобаны іске асыру мақсатында 5 стратегиялық міндеттер қойылған:

  • жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • сауда үшін жағдайларды жеңілдету;
  • электрондық декларациялауды енгізу;
  • СЭҚ секторын кәсібилендіру;
  • табиғи инфрақұрылымды дамыту.

АСТАНА-1 АЖ негізгі артықшылықтары:

  • 100% электрондық декларациялау, қағаз құжаттардан бас тарту;
  • тауарларға арналған декларацияны автоматты түрде шығару;
  • тауарларды әкелген кезден бастап түпкі іске асыруға дейін қадағалау;
  • ЕАЭО-ға мүше елдер мен және басқа да елдердің кеден қызметтерімен деректермен алмасу;
  • бірыңғай дербес шот;
  • тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесі;
  • тауарларды шығарғаннан кейін бақылау;
  • басқа да мемлекеттік органдармен деректермен алмасу болып табылады.

Қысқа мерзім ішінде жүйені енгізгеннен қазірдің өзінде:

  • қағаз құжаттардың болуынан толық бас тарту, СЭҚҚ-дың кеден қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынасының жоқтығы;
  • тәуекелдер (жасыл дәліз) болмаған кезде тауарларды кедендік тазарту уақытын 1 минутқа дейін 95% декларациялау құжаттық бақылау (сары дәліз) кезінде 30 минутқа дейін 3% және кедендік тексеріп қарау және сараптау (қызыл дәліз) кезінде 8 сағатқа дейін 2% декларациялау;
  • тауарларды декларациялау кезінде СЭҚҚ қаржы шығындарын қысқарту сияқты айтарлықтай оң әсерлерге қол жеткізілді.

Талқылау барысында ЕЭК өкілі «СЭҚ «Бірыңғай терезе» эталонды моделіндегі 7 қадам үшін» тақырыбындағы баяндамада моделді енгізудің басымдылығы мен күтілетін нәтижелер және артықшылықты атап көрсетті.

Сондай-ақ Армения және Тәжікстан кеден қызметінің өкілдері тәжірибесімен бөлісті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)