Date of publication: 21.05.2018 18:51
Date of changing: 21.05.2018 18:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы базасында Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы аясында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары түлектері мен қала тұрғындарына «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға құрметті қонақ ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің ардагерлері және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері шақырылды.

Шара барысында түлектер мен қонақтар Комитеттің аумақтық  бөлімшелерінің кинолог мамандары арасында «Есірткі заттарын іздестіру» бағдарламасы бойынша             XVІ Республикалық жарыстың салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, түлектер мен қонақтарға  ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының қызметімен, оның материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ,  орталықтың басым бағыты қызметтік иттермен кинологтарды дайындау және қызметтік иттерді пайдалану арқылы жаттықтыру көріністері таныстырылады. 

Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай, қатысушыларға «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбын талқылау аясында Кинологиялық орталықтың қызметкерлері тарапынан тақырыптық слайдттар және видеоматериалдар дайындалып,  таныстыру соңында түлектерге «Сұрақ-жауап» ойындары ойнатылып, ерекше танылған студенттерге ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.

«Ашық есік сапалы және обьективті өтті. Қазақстанның мемлекеттік қызметі жаңғырудың кезеңдерін өткеріп, әлемдік рейтингіде 152 орыннан 50 позицияға жоғары  көтеріліп, бүгінгі таңда 102-орынды  иеленуде"- деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Албанбеков Мадияр Ғалымжанұлы.

Кеден қызметінің және қаржы полициясының ардагерлері кинолог- мамандары өздерінің қызметтік-іздестіру иттерімен есірткі саудасы мен терроризммен күресуде, сонымен қатар еліміздің бейбіт азаматтарының қауіпсіздігін сақтауда баға жетпес үлес қосуда деп қызметкерлердің әлеуетін атап өтті.    

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)