Date of publication: 13.07.2018 18:00
Date of changing: 13.07.2018 18:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету»

 

         Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу әдістемелік орталығының (бұдан әрі - ОӘО) қызметкерлері тарапынан ағымдағы жылдың 09-13 шілде аралығында мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық органдары қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы оқу курсы өткізілді.

         Курстың мақсаты «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған  заттарды табу дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен таныстыру.

         Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» тақырыбында лекция оқылды. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау барысында заңсыз әрекеттерді алдын алу үшін, қауіпті ықтимал жағдайындағы жолаушыларды анықтау арқылы, заңсыз әрекеттерді болдырмау және анықтау мақсатында профильдеу әдістерімен танысты.

         Тыңдаушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және

тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық товарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады. Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.

         Осы курстың дәріскерлері ОӘО-ның қызметкерлері  Л.Т. Қасымқұлова,  С.К. Алдашев, Е.С. Ктанов, Д.А. Айтжанов болып табылды.

Арнайы оқу курсы белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)