Date of publication: 16.07.2018 13:36
Date of changing: 16.07.2018 13:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

 

Көкшетау қаласында заңсыз ойын үйлерін ұйымдастырған бір топ адамдардың іс-әрекеті құрықталды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметімен (МКД ЭТҚ) Көкшетау қаласы аумағында "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қарамастан заңсыз ойын үйлерін ұйымдастырған бір топ адамдардың іс-әрекеті құрықталды.   

Ойын құрылғылары сауда үйлерінде және адамдар көп шоғырланатын орындарда орналастырылған.

ҚК 307-бабы бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу шегінде және жедел - іздестіру шараларымен күдіктілер өздерінің заңсыз бизнесін кеңейтуді көздегендігі анықталды. 

Қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында және кедергісіз ойын құрылғыларын қаладағы сауда нүктелерінде орналастыру үшін күдіктілер МКД ЭТҚ қызметкеріне олардың іс-әрекеттеріне тосқауыл жасамауы үшін ай сайын ақшалай сыйақы төлеуді ұсынған.

2018 жылғы 12 маусымда Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерімен және Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлескен жедел - іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру кезінде Көкшетау қаласының екі тұрғыны қылмыс үстінде қолға түсті.

Ұсталғандардың автокөлік құралдарын тексеру кезінде заңға қайшы іс-әрекеттерін жүзеге асыруға арналған бірқатар ұялы телефондар, флешкарталар, қатты дисктер, ойын автоматтарының кілттері, ақша қабылдағыш және де газбен ататын тапанша тәркіленді.

2018 жылғы 30 маусымда қылмыстық іс ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша - ол дегеніміз, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі  және ҚК 376-бабының 2-бөлігімен лауазымды адамға көп мөлшерде  пара беру фактісі бойынша өндірісімен аяқталды. 

Өз кінәсін мойындау туралы шарт түрінде процессуалдық келісім қабылданған соң, істің материалдары сотқа жіберілді.

Ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайларды жалға беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу, не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру – 4 810 000 тенге, немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айырып, мүлкi тәркiленiп жазаланатыны туралы Экономикалық тергеу қызметі ескертеді.

Егер Ақмола облысының аумағында осы тәріздес фактілер немесе экономика саласында басқада жасалған құқық бұзушылық фактілері белгілі болған жағдайда, Сіздерді Ақмола облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің мынандай телефондарына 8-7162-25-14-88 немесе 8-7162-25-45-51 хабарласуыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы,11)