Date of publication: 16.08.2018 11:06
Date of changing: 16.08.2018 11:11

 

 «Салық даулары: тәжірибесі және жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша  конференция

Алматы қаласында 2018 жылдың 14 қыркүйегінде «Салық даулары: тәжірибесі және жетілдіру жолдары» тақырыбына конференция өтеді, оның аясында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолданумен байланысты дауларға қатысты сұрақтар, сондай-ақ оның ішінде инвестициялық қызметпен байланысты даулардың аясында туындайтын салық салу сұрақтарына қатысты алуан көзқарастар талқыланатын болады.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғары Сотымен және Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетімен бірге Қазақстанның салық төлеушілерінің Қауымдастығы болып табылады.

Қазақстанның салық төлеушілердің Қауымдастығы мұндай салық конференцияларын он төртінші рет жүргізіп отыр. Өткізілген он үш конференция мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының және салық төлеушілердің конструктивтік диалогы нәтижесінде салық жүйесін жетілдіру үшін мұндай іс-шаралардың өнімділігін растады. ҚСҚ жыл сайынғы конференциялары, бірегей тақырыбы мен шақырылатын сарапшылардың арқасында, жылдан жылға ең маңызды, жоғары нәтижелі және ауқымды хабарландырылатын оқиғалардың бір бизнесі ретінде мойындалады.

14 қыркүйектегі конференцияның жұмысында Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары, Жоғары Сот және мамандандырылған сот алқасының, Мемлекеттік кірістер Комитетінің мүшелері, қалалық, облыстық соттардың судьялары, Мемлекеттік кірістер жөніндегі өңірлік Департаменттердің өкілдері, өзге мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысады. 300 аса адамның қатысуы жоспарлануда.

Модератор - Ертлесова Жаннат Джургалиевна, ҚСҚ Басқарушы кеңесінің Төрағасы. 

Конференция бизнес-климатты жақсартуға қатысты күш-жігерді шоғарландыруға мүмкіндік беретін, қосымша ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Бұдан өзге, бұл барынша өткір мәселелермен бөлісуге, оларды шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

2018 жылдың 14 қыркүйегіндегі конференция іс-шараларының негізгі тақырыптары:

•        Салық даулары аясында қарастырылатын заңнаманы қолдануға қатысты мәселелік сұрақтар, оның ішінде трансферттік баға құрылымы туралы заңнама сұрақтары;

•        Салық салу және кедендік реттеу сұрақтарына қатысты Апелляциялық комиссия жұмысы туралы

•        Салық төлеушілердің және мемлекеттік кірістер органдарының өтініштері бойынша сот дауларын талдау

•        Апелляциялық комиссияға және сотқа шағымдану кезіндегі мәселелік аспектілер.

Аталмыш конференция қорытындылары бойынша ҚСҚ салық заңнамасын әртүрлі түсіндіру, салық дауларына қатысты салық заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулерді талқылау және ұсыныстарды әзірлеу секілді салық дауларын талқылау мақсатында Жоғары Сот және мемлекеттік кірістер органдарымен бірге біріккен іс-шараларды жүргізу тәжірибесін жалғастыру жоспарланатын, салық соттарына қатысты мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің диалогына арналған алғашқы алаңға айналады.

 

Конференция өту күні: 2008 жылдың 14 қыркүйегі

Уақыт: 09:00-13:00

Өткізілу орны:  “RoyalTulipAlmaty» қонақ үйі, Оспанов көшесі, 401/2

 

Толығырақ ақпарат үшін 8727 3341832, ank@ank.kz

 

Қазақстанның салық төлеушілерінің Қауымдастығы

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)