Date of publication: 16.08.2018 20:44
Date of changing: 25.08.2018 15:45

            Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау аяқталды

         Тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Келісімді іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 27 қараша тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Осылайша, 2017 жылғы 27 қарашадан 2018 жылғы 13 тамызға дейін Қазақстан Республикасының нарығында 236 487 бірлік тері бұйымдары таңбаланды.

Таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген тері бұйымдары нарығының субъектілері саны (2018 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша) 942 салық төлеушіні құрады.

Таңбалау жүйесін енгізудің басты оң әсерінің бірі – тері бұйымдары нарығы айтарлықтай анық бола бастады, тиісінше, ол туралы неғұрлым объективті көрінісі қалыптасты.

Таңбалау жүйесін енгізудің оң аспектісі, сондай-ақ, кедендік төлемдер түсімінің өсуінде көрсетілген фискалдық, сондай-ақ нарықтық субъектілерді заңдастыруға жанама болып табылады.

Осылайша, 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстанда тері бұйымдарының қалдығын заңдастыру және таңбалау процесі аяқталды.

Кәсіпкерлердің белгіленген үлгідегі бақыланатын (сәйкестендіру) белгілері жоқ тері бұйымдарын өткізуге құқығы жоқ.

Осыған байланысты, заңнама нормаларын бұзған және таңбаланбаған тері бұйымдарын өткізген жағдайда, сатып алушылардан 1412; 8-800-64-52 ,нөмірі бойынша сенім телефонына туралы хабарлауды сұраймыз.

 

Баспасөз қызметі

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 

(Жеңіс даңғылы, 11)