Date of publication: 22.01.2015 17:10
Date of changing: 13.05.2016 16:14

51-3-бап. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту тәртібі

Салық кодексінің 51-3 бабы редакциясы ( 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша)

1. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

қосылған құн салығы бойынша;

осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, акциз бойынша жүргізіледі.

Осы баптың ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарлар бойынша қолданылмайды.

2. Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кезден заңнамасына сәйкес кеден органына табыс етілген  ішкі    тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация  импортталатын тауарлар бойынша  жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылады.

3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

1) кеден органына осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазалау үшін Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кезден заңнамасында көзделген құжаттарды табыс ету шартында жүргізіледі;

2) үәкілетті органнымен белгіленген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған тұлғалар, осы бапта көзделген жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуге құқығы жоқ тұлғалар.

4. Осы бапқа сәйкес  импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының дербес шотта Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кезден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20 мерзімі бойынша есептелген салық сомасын көрсетуі жолымен беріледі.

5. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту өзгертілген мерзім шегінде осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы мен акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған жағдайда салық төлеушіні өсімпұл төлеуден босатады.