Date of publication: 23.01.2015 10:10
Date of changing: 23.01.2015 11:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден заңнамаларын түсіндіру аясында бейнесеминарлар  өткізеді.

Бейнесеминардың тақырыбы мен өткізу күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында жарияланатын болады.

Бейне семинар процесінде салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар нақты уақыт режимінде Комитеттің заң жобаларын әзірлеушілерімен және кәсіби мамандармен әңгімелесу мүмкіндігін алады.

Алдағы бейне семинардың тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық тауарларды әкімшілендіру».

Бейне семинардың көрсетілген тақырыбы бойынша сұрақтарды облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне немесе мына    электрондық мекен-жайға seminar@mgd.kz 2015 ж.  6 ақпанға  дейінгі мерзімде жолдау қажет.

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі