Date of publication: 19.10.2018 12:51
Date of changing: 19.10.2018 12:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«Арнаулы салық режимдерінің ерекшеліктері мен сипаттамасы» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді

 

2018 жылдың 17-19 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Салық салу әдіснама департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасымен бірлесіп «Арнаулы салық режимдерінің ерекшеліктері мен сипаттамасы» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – арнаулы салық режимдерінің қолдану саласындағы мемлекеттік кірістер жұмыскерлерінің құзыретін арттыру, осы саладағы проблемалық мәселелерді талқылау, олардың шешімі туралы ұсыныстар беру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары салық  саласының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Айгуль Абаевна Ибрагимова – ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдер басқармасы Салық салу әдіснама департаменті басшысының орынбасары қатысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)