Date of publication: 08.11.2018 13:05
Date of changing: 09.11.2018 14:43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Олжас Отар Асангелдіұлы ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды

 

2018 жылдың 7 қарашасында Олжас Отар Асангелдіұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Басқарма басшысы болып тағайындалғанға дейін О. Отар ҚР ҚМ МКК Салық салудың әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы лауазымын атқарған.

Салық органдарындағы қызметін 2004 жылы Жамбыл облысының Байзақ аудандық салық комитетінде бастады. Одан кейін, Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2014 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппаратында сарапшы, бас сарапшы лауазымдарында болған.

Халыққа жаппай түсіндіру және мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жария ету бойынша жүргізілетін жұмыстарына толағай табыстар тілейміз!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)