Date of publication: 12.11.2018 14:57
Date of changing: 12.11.2018 15:03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының бастамасымен «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау» тақырыбында семинар өтті

 

2018 жылғы 5-8 қараша аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік кедендік ұйымының аясында «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау» тақырыбында семинар өтті.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің атынан ҚР ҚМ МКК Экспорттық бақылау басқармасының басшысы  Әнуар Маратұлы Мадиев семинардың ашылуында сөз сөйледі.

ҚР ҚМ МКК Экспорттық бақылау басқарма басшысының орынбасары Әсел Жақсылыққызы Қуанышпаева семинардың модераторы болды.

Семинарда дәріскерлер ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымы Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау Бағдарламасының сарапшы-дәріскер - Малик Ғұлам Әли, Норвегия кеден әкімшілігінің қызметкері - Тронд Леберг және ҚР ҚМ МКК Энергия ресурстарының кедендік бақылау басқармасының бас сарапшысы - Айгүл Ғазизқызы Баширова қатысты.

 Әнуар Маратұлы Мадиев, тауар шығаруды жүйеге асыру кезеңінде жаппай қырып-жою қаруын тарату қауіпін және оны тасымалдау құралдарының заңсыз экспортын тоқтататын, экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесінде мемлекеттік кірістер органдары соңғы бақылау сатысы ретінде қарастырылатынын айтып өтті.

Қару-жарақ пен әскери техниканы, жаппай қырып-жою қаруын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін технологиялар,  ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді, оларды жеткізу құралдарын заңсыз таратылуын бақылау көптеген дамыған елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасы саясатының бір бөлігі болып табылады.

Семинар барысында,  қатысушылар, қосалқы мақсаттағы тауарлар мен жабдықтарды сәйкестендіру, стратегиялық тауарлар саудасын бақылауда тәуекелді бағалау, профильдеу, мақсаттау және стратегиялық бақылауды қолдану бойынша қажетті теориялық және практикалық білім алды.

Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшылары, мәліметтердің талдауын жүргізу және қосалқы мақсаттағы тауарлар мен жабдықтарды сәйкестендіру бойынша практикалық тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен семинар қатысушыларының тәжірибесі мен белсенді қатысуын бағалады.

 Тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің бас мамандары мен бөлім басшылары қатысты.

Семинар қатысушыларға куәліктерді салтанатты түрде табысталуымен аяқталды.

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы  бсшысының орынбасары Әбілқасымова Сара Жұқанқызы семинар дәріскерлері мен қатысушыларына ризашылығын білдіріп алдағы жұмыстарына жеміс тіледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)