Date of publication: 12.11.2018 19:05
Date of changing: 12.11.2018 19:06

Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарларына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті назарыңызға жеткізеді:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кеңес беру, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс-орталығында жүзеге асырылады («Қазақстан Республикасы Үкіметінің барлық өзекті мәселелері бойынша бірыңғай Call-орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының кеңес Хаттамасына сәйкес бүгінгі күнде өзекті мәселелер болып «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін пайдалануға байланысты, Бүкіләлемдік сауда ұйымы шеңберінде әкелу кедендік баж ставкаларын қолдану мен жалпыға бірдей салықтық декларациялауды енгізу мәселелері табылады);

2) Кеден заңнамасы мәселесі бойынша кеңес беру «1412» Call-орталығында жүзеге асырылады (экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтимал, не жасауға тырысқан әрекеттері, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды (шағымдарды) қабылдайды.

3) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының «Біздер туралы» бөлімінің «тұрғындармен жұмыс» бөлімшесінде орналасқан аумақтық бөлімшелермен жүзеге асырылады.