Date of publication: 15.11.2018 12:59
Date of changing: 15.11.2018 13:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері латын алфавитімен қазақ тілінде «Жалпыхалықтық диктант» жазды

 

«Жалпыхалықтық диктант» «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында ұйымдастырылған. 

Мемлекет Басшысы қазақ алфавитін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге тапсырма бергені барлығымызға белгілі. Латын графикасындағы бірінші жалпыхалықтық диктант мемлекеттік органның қызметкерлерінің санасын жаңғыртуға нақты қадам болып табылады.

Іс-шараның ауқымдылығы мен ел азаматтарының қызығушылығы рухани жаңаруға деген талпынысын көрсетеді.

«Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктант жеңіл, әрі қатысушылардың барлығына қол жетімді тілде болды.  Мәтін 80 сөзден құралды, ал диктанттың ұзақтығы 30 минут болды.

Диктант аяқталғаннан соң, мәтіннің жазба нұсқасы  emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жарияланды, онда әркім өзін-өзі тексеріп, жаңа қазақ алфавитін меңгеру дәрежесін бағалауына мүмкіндік алды.

Диктант жазуга барлығы Комитеттің 161 қызметкері қатысты. Іс-шара 2018 жылғы 14 қарашада өткізілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)