Date of publication: 23.11.2018 15:54
Date of changing: 23.11.2018 15:55

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Алматыда пилоттық режимде "Көліктегі офис" Мобильдік орталықтары» жобасы іске қосылды

 

Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің үдерістерін оңтайландыру бойынша жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Аталған жұмыс шеңберінде "Көліктегі офис" Мобильдік орталықтарын құру бойынша жоба іске қосылуда. Бұл жоба адамдардың көп шоғырланатын орындарында, базарларда, сауда үйлерінде есептілік кезеңдерінде мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі қол жетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2018 жылдың 21 қарашасынан бастап Алматы қаласының Жетісу және Алатау аудандарында пилоттық режимде "Көліктегі офис" Мобильдік орталықтары» жобасы іске қосылды. Аталған пилоттық жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылуда.

Мобильдік орталықтар жеке тұлғаларға дара кәсіпкер ретінде тіркелуге, дара кәсіпкерлерге қызметін жүзеге асыру орындарында, базарларда, жәрмеңкелерде, сауда үйлерінде, есепті кезең кезінде салық есептілігін тапсыруға, онлайн БКМ тіркеуге және басқа да сұранысқа ие қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер жедел түрде көрсетіледі.

Мобильді "Көліктегі офисте" Қызмет көрсету орталығының, Өзіне өзі қызмет көрсету терминалының функционалы мен банкінің кассалық торабында төлемдерді қабылдау функциясын біріктіруге болады.

Одан әрі, жалпыға бірдей декларациялауды енгізумен байланысты, Мобильдік орталықтар халықтан салық есептілігін қабылдау үшін пайдаланылады. Оның үстіне, мемлекеттік қызметтер көрсетудің Мобильді орталықтары кейіннен ауыл округтерінде қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету жоспарлануда.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)