Date of publication: 05.12.2018 17:01
Date of changing: 05.12.2018 17:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М. Сұлтанғазиевтің Қытай Халық Республикасы Бас салықтық әкімшілігінің  және Бас кеден басқармасының Төрағаларымен екі жақты кездесуі өтті

 

2018 жылдың 21-22 қараша күндері ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М. Сұлтанғазиев ҚХР (Пекин қ.) жұмыс сапарымен болды.

         ҚР Үкіметі басшысының ҚХР ресми сапары бағдарламасы шеңберінде Б. Сағынтаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьер-министрі Ли Кэцянмен кездесулерінде М. Сұлтанғазиев қатысты.

         М. Сұлтанғазиев пен ҚХР Бас салықтық әкімшелендіру Төрағасы Ван Цзюнмен екі жақты кездесу барысында салықтық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитет құру мүмкіндіктері туралы сұрақтар, сондай-ақ «Бір белдеу – Бір жол» жобасымен бірге салықтық әкімшелендіру үшін сұхбат алаңы талқыланды.

         М. Сұлтанғазиев пен ҚХР Бас кеден басқармасының Төрағасы Ни Юэфенмен жұмыс кездесуі уақытында ҚР мен ҚХР кедендік қызметтері арасындағы ағымдағы жобалар мен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті сұрақтары талқыланды.

         Жұмыс сапары шеңберінде М. Сұлтанғазиев пен ҚХР ЭксИмБанк және «NUCTECH» компаниясының басшысымен екіжақты келіссөздер өтіп, Қазақстан шекарасының барлық периметріндегі бақылау-өткізу пункттерін жаңғырту және қайта құру бағдарламасы бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл жобаны іске асыру сауда жасауға, бақылау-өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігін, тауар және көлік құралдарының санын арттыруға, сонымен қатар кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қазақстандық бақылау-өткізу пунктерін жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасайды.

         Бұдан басқа, ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев «NUCTECH» компаниясының Президенті Чень Чжицианмен кездесті және осы компанияның өндірген өнімдерін қарады.

        

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)