Date of publication: 06.12.2018 17:57
Date of changing: 10.12.2018 10:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

М. Сұлтанғазиев Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы Төрағасының орынбасары болып бір жылға сайланды

 

 2018 жылғы 6 желтоқсанда Дилижан қаласында (Республика Армения) Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 29-шы отырысы өтті.

Қазақстандық тарапын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы  Сұлтангазиев Марат Елеусізұлы басқарды.

Отырыс шеңберінде М. Сұлтанғазиев Біріккен алқа төрағасының орынбасары болып бір жылға сайланды.

Кездесу барысында кедендік операцияларды және кедендік бақылауды жүргізуді оңтайландыруға, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 371 және 373-баптарын қолдануға әдістемелік тәсілдер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тарифтік емес реттеу шаралары туралы Хаттамасының 56-бабының қолдану тәжірибиесі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарлардың жекелеген санаттарын жіктеуі / жіктемелеуі бойынша тыйым салынған немесе шектелген практикасы және кедендік бақылау, кедендік рәсімдерді қолданудың біркелкілігі мен тиімділігі мәселелеріне қатысты бірқатар шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ, 2019 жылға арналған Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының жұмыс жоспары және Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының жанындағы жұмыс топтарының жұмыс жоспарлары бекітілді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшыларымен екі жақты кездесулердің аясында Төраға белгілеген мақсаттарға жету үшін қабылданған шешімдер біздің мемлекеттердің келісілген кеден саясатын жүзеге асыруға бағытталған тағы бір қадам болатынына және бірлескен алқасының аясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіру бойынша жүктелген мәселелерді табысты шешуіне ықпал етеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және нығайтуға дайын екендігі айтылды.

Сонымен қатар, перспективалық бағыттарды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден қызметтерінің өкілдіктерінің қатысуымен 2019 жылға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Ресей Федералдық кеден қызметі арасындағы өзара іс-қимылы бойынша жоспарына қол қойылды.

Бірлескен жоспарға қол қоюдың оң тәжірибесі қажетті ақпаратпен алмасуға және жұмыс істеу үшін келісілген механизмдерді дамытуға ықпал етеді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)