Date of publication: 14.12.2018 20:25
Date of changing: 14.12.2018 22:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді

 

Тәуелсіздік күні – еліміздің ең басты мемлекеттік мерекесі. Осыдан 27 жыл бұрын - 1991 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданған. Осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырып, барлық салаларда көптеген елеулі оңтайлы өзгерістер орын алып, еліміз жаңғыруға бет алған.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құралды.

Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджет тайқазанын толтыруда және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі үлес қосты.

Айтулы мерекенің тойлануына орай Қаржы министрлігінің салтанатты жиынында Министр бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. «Құрмет» орденімен:

Нурланбаев Ерлан Кумарбекович;

Ошакбаев Таукен Темирбекович;

Искакбаев Нурлан Шаикиевич марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Жаканов Аманжол Жомартович;

Жаналинов Данияр Еренгалиевич;

Есембаев Арман Тулеутаевич;

Сыздыков Куаныш Серикович;

Кыстаубаев Руслан Серикбаевич;

Пилова Нургуль Жамбыловна

Кабдушев Тулеген Дастемович

Таласпеков Руслан Жомартович

Жолдасбаев Еркин Кайырдоллаевич

Ахметов Асхат Сабиржанович марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

Айсин Серик Уразалович

Жаукебаев Габит Жаксылыкович марапатталды.

 

Бүгін, 2018 жылдың 14 желтоқсанында, Мемлекеттік кірістер комитетінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Сұлтангазиев Марат Елеусізұлы құттықтау сөзін сөйлеп, мемлекеттік мерекеге орай салтанатты жағдайда Комитеттің ерекшеленген қызметкерлерін марапаттады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, үлгілі және жемісті жұмысы үшін және  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай мемлекеттік кірістер органдарының АРДАГЕРЛЕРІ Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

- Усенова Нурила Дуйсембиевна;

- Сармантаева Айгуль Хабдулбахитовна;

- Досанова Раиса Уразбаевна;

- Жусупова София Нургозовна.

Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен:

- Молдахметова Лейла Саятовна – Адами ресурстар басқармасынан;

- Ахметова Кымбат Балташевна - Стратегиялық даму басқармасынан марапатталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, үлгілі және жемісті жұмысы үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай мемлекеттік кірістер органдарының келесі қызметкерлері Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

Магзумова Асем Абзаловна – Салық салу әдіснама департаменті Әдіснама басқармасы;

Ибрагимова Айгуль Абаевна - Салық салу әдіснама департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы;

Молдагалиева Айслу Есетовна - Салықтық  әкімшілендіру департаменті Камералдық мониторингі басқармасы;

Сапаева Асель Дженгишовна – Салықтық  әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасы;

Капанов Ертлек Тасболатович - Салықтық  әкімшілендіру департаменті Салықтық аудит басқармасы;

Кожакова Алия Сейсенбаевна -Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы;

Иманкулова Айжан Кадыровна – Ішкі әкімшілендіру департаменті Ұйымдастыру басқармасы;

Нурмолдаев Алмас Манатович - Сотқа дейінгі тергеу департаменті;

Шакенов Нурлан Нурмухаметович – Жедел іздестіру қызметі департаменті;

Толеуов Азамат Касымханович- Ішкі қауіпсіздік басқармасы;

Есполова Анар Нурлубековна – Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы;

Байдильдинов  Ерлан Туканович - Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Тәуекел - менеджмент басқармасы;

Жумашов Аслан Бактыбаевич -    Посткедендік әкімшілендіру  департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы;

Есенжолова Газиза Досмагамбетовна    - Посткедендік әкімшілендіру  департаменті Тарифтік реттеу басқармасы;

Аубакиров Адильбек Габдулвахитович – Кедендік операцияларды әкімшілендіру департаменті Кедендік операцияларды әкімшілендіру басқармасы;

Мукаев Бекжан Биржанович- Халықаралық ынтымақтастық басқармасы;

Кумекова Арайлым Аскаровна –Стратегиялық даму басқармасы;

Кандылда Балгын Сериковна – Оңалту және банкроттық басқармасы;

Душкенова Назгуль Кувашевна - Оңалту және банкроттық басқармасы;

Кусайнова  Бахытгуль Ганиолловна - Мамандандырылған басқармасы;

Кипшакбаев Чингиз Абдельевич - Мамандандырылған басқармасы;

Акмухамедова Асель Альжановна –Кедендік әдіснама басқармасы;

Каптагаев Илияс Сарсембаевич – Заң басқармасы;

Исмазова  Гаухар  Нурлановна – Экспорттық бақылау басқармасы;

Алишер Шашубаевич Шакенов – Сотқа дейінгі тергеу департаменті;

Искакова Салтанат Айтмырзаевна – Адами ресурстары басқармасы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің келесі қызметкерлеріне Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Алғысы жарияланды:

Рустем Джангирханович Оразбаковқа - Салық салу әдіснама департаменті Әдіснама басқармасы;

Айсулу Алмасовна Шариповаға - Салық салу әдіснама департаменті Резидент еместерге салық салу басқармасы;

Каршыгабек Мухамбекович Камбарбековке – Ішкі әкімшілендіру департаменті Ұйымдастыру басқармасы;

Куаныш Елубайулы Аюповқа – Сотқа дейінгі тергеу департаменті;

Ержан Нуртаевич Анайбековке – Ішкі қауіпсіздік басқармасы;

Ербол Абдугалиевич Азимовке – Сотқа дейінгі тергеу департаменті;

Ерболат Киянатович Ажикеновке – Жедел - іздестіру қызметі департаменті;

Ольга Жумахановна Аухатоваға - Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасы;

Бакытжан Калиевич Кожабековке – Посткедендік әкімшілендіру департаменті Кедендік құнды мониторингтеу басқармасы;

Айдос Абдикаримович Умаровқа - Посткедендік әкімшілендіру департаменті Кедендік құнды мониторингтеу басқармасы;

Айдос Казыбекович Накиповке – Халықаралық ынтымақтастық басқармасы;

Асел Тулегеновна Есенгалиеваға - Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Талдау және статистика басқармасы;

Айнур Амангалиевна Садикбаеваға – Салықтық әкімшілендіру департаменті Берешектермен жұмыс басқармасы;

Алтынай Сериковна Джаркимбаеваға - Салықтық әкімшілендіру департаменті Салықтық аудит басқармасы;

Арай Болатовна Нурмазановаға- Кедендік операцияларды әкімшілендіру департаменті Кедендік рәсімдер және кедендік тазарту басқармасы;

Жибек Кенжекановна Бейсебаеваға – Заң басқармасы;

Иван Александрович Игнатущенкоға – Экспорттық бақылау басқармасы;

Ерқанат Қамидоллаұлы Шыңбергенге – Оңалту және банкроттық басқармасы;

Айнур Нурлашевна Сартаеваға- Жұртшылықпен байланыс басқармасы;

Асель Канапиевна Курмангалиеваға – Стратегиялық даму басқармасы;

Болат Султанович Ибрагимовке –Кедендік әдіснама басқармасы;

Шынар Абаевна Альжановаға – Адами ресурстары басқармасы.

Марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз!

Салтанатты шараның қорытынды бөлімінде Тәуелсіздік мерекесіне орай қазақ эстрадасының жұлдыздары, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ерлан Малаев, Құрмаш Махан, Досымжан Таңатаров, «Астана» тобы құттықтау тілектерін әнмен жеткізіп, халықтың ризашылығына бөленді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)