Date of publication: 14.12.2018 22:26
Date of changing: 14.12.2018 22:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттердің кедендік статистика мәліметтерінің айырмашылығы туралы туындаған жағдайға түсінік берді

 

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры ҚР мен контрагент мемлекеттер арасындағы тауар айналымы жөнінде жасаған салыстырмалы талдау есебінде ҚР мен ҚХР арасындағы мәліметтердің үлкен ауытқуы бар екенін көрсеткен.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттердің кедендік статистика мәліметтерінде ауытқулардың пайда болуы себептерін анықтау мақсатында талдау жүргізді.

Елеулі ауытқулар ҚХР экспорты - ҚР импорты бағытына келеді. ҚХР мәліметтері бойынша Қазақстанға экспорт 11,6 млрд.долл., ҚР мәліметтері бойынша импорт 4,7 млрд.долл. құраған. Қытай мәліметтері негізінде экспорттың жоғарылауы байқалады, ауытқу – 6,9 млрд.долл., құрайды.

Қытай экспорты мен Қазақстан импорты мәліметтеріне салыстырмалы талдау жүргізу барысында;:ауытқулар жоғары, дұрыс емес (жалған) декларациялау және кедендік құнды төмендетуі бар, салық көп түсуге тиісті тауарлардың бес тобы анықталды (былғары өнімдері, киім-кешек, тоқыма өнімдері, аяқ-киім). Көрсетілген тауар топтарын егжей-тегжейлі талдау жасау негізінде импорт көлемі жоғары 53 негізгі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларын анықтауға мүмкіндік берді.

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары көрсетілген салық көп түсуге тиісті ҚХР тауарларының жалпы импорт көлемі Қытайдан импортталған  бес топ бойынша 59,4 мың.тонна немесе 77,5% құрады.

Мемлекеттік кірістер органдары ҚР кеден заңнамасын бұзу тәуекелділігін анықтау мақсатында, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты қызметтік талдау, және ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылады, бюджетке төлем және салықтық төлем қажет жағдайда жиынтық бақылаулық іс-шара жүргізіледі.

Қазіргі таңда Комитетпен кеден заңнамасын бұзу тәуекелділігінің болуына қатысты қалған топтарға талдау жүргізілуде.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)