Date of publication: 18.01.2019 18:38
Date of changing: 22.01.2019 09:17

Бірыңғай жиынтық төлемі

   Бірыңғай жиынтық төлем кәсіпкерлік қызметтер көрсету және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтың өзі шығарған ауыл шаруашылық өнiмiн өткізетін айналымы жылына 1 175 АЕК- тен (2,96 млн теңге) аспайтын жеке тұлғаларға арналған.

Мысалы: көлік (жеке жүргізуші), бір реттік жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехника және т.б жөндеу), бөлек жеке қызметтер (жаттықтырушылар, күтушілер, тапсырысқа тоқыма тоқу), әртістер (тамада, музыканттар және т.б.), бағдарламалау (ОЖ орнату, анти- вирус және т.б.), омарта ұстау және балды сату, өз шаруашылығында өндірген сүт, картопты басқа жеке тұлғаларға сату және т.б.

    Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар станционарлық орын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар) арқылы қызмет атқаратын, мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері болып танылмайды.

     Осыдан басқа, жеке тұлға – БЖТ төлеушісі дара кәсіпкер ретінде немесе жеке тәжірибемен айналысатын тұлға ретінде (адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы мен кәсіпқой медиатор) тіркеуде болмауы тиіс.

Сұрақ-жауаптары 

ҚР Заңы