Date of publication: 16.02.2015 15:54
Date of changing: 20.07.2015 11:43

432-бап. Патенттің құнын есептеу

3. Егер Салық кодексінің 431-бабының 5 және 6-тармағына сәйкес патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайын ескеріп оның қолданылу мерзімі ішінде іс жүзінде алынған кіріс сомасы есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкер патент құнының азайтылған сомасына қосымша салықтық есептілік түрінде есепті ұсынуға құқылы.

Көрсетілген жағдайда артық төленген салық сомасын қайтару салық органы жүргізген хронометражды зерттеуден кейін Салық кодексінің 602-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

ТҮСІНІКТЕМЕ

1.  Аталған редакция 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылды:

3. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзіндегі кіріс есепте көрсетілген кіріс мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азайтылған сомаға қосымша есеп ұсынуға құқылы.

Көрсетілген жағдайда артық төленген салық сомасын қайтару салық органы жүргізген хронометражды зерттеуден кейін Салық кодексінің 602-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.».

2. Патент негізінде салық төлеу кәсіпкерлік салықтық міндеттемелерді орныдау болып табылатындықтан, заң шығарушы, егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзінде алынған сома есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен аз болған жағдайда, бұрын төленген салықтарды азайту мүмкіндігін қарастырған.

1-ЖАҒДАЙ

Дара кәсіпкер патентте кіріс мөлшерін 500 000 теңге деп мәлімдеді. Патенттің қолданылу мерзімі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 31 наурызға дейін. Төленген салық сомасы 10 000 теңгені құрады. 25 ақпанда дара кәсіпкер жалпы белгіленген тәртіпке ауысуына байланысты патент негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтатады, бұл ретте іс жүзінде алынған кіріс сомасы 300 000 теңгені құрады.

ТҰЖЫРЫМ

Патенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзінде алынған кіріс сомасы  есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен аз болғандықтан, осы тармақта белгіленген басқа шарттар сақталған кезде  дара кәсіпкер қосымша есептілікті беру жолымен өзінің салықтық міндеттемесін азайтуға құқылы.

 

3. Патент бойынша бұрын төленген салықтарды азайтуды қолдану жағдайы тікелей Салық кодексінде айтылады. Мәселен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған ереже есепте көрсетілген кірістер мөлшеріне іс жүзіндегі кірістер жетпеген барлық жағдайларда қолданылды, ал 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап заң шығарушы тек патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде патенттің бұрын есептелген құнын қайта есептеу бойынша норманы қолдануды шектеді.

4. Салық кодексінің 432-бабының 3-тармағын қолдану үшін, патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатудың екі жағдайын айқындайтын Салық кодексінің 431-бабы базалық бап болып табылады: тоқтату және патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлардың туындауына байланысты тоқтату туралы ерікті шешім.

5. Салық кодексінің 431-бабының 5-тармағына сәйкес, егер дара кәсіпкер патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін, соның ішінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру кезеңінде, жалпы белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу шешімі қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер тұрған жері бойынша салық органына салық салу режимін қолдану туралы хабарламаны беруге міндетті.

6. Бұл ретте, заң шығарушы Салық кодексінің 431-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың бірінші күні дара кәсіпкердің жалпы белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу күні болып табылады деп айқындады. Ал хабарлама ұсынылған айдың келесі күндері патент негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату  күні болып табылады.

 

2-ЖАҒДАЙ

Мәлімделген кірісі 1 000 000 теңге, қолданылу мерзімі 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі патенті бар дара кәсіпкер 2014 жылы 20 мамырда тұратын жері бойынша салық органына салық салу режимін қолдануы туралы хабарламамен шешімді ерікті түрде қабылдау себебі бойынша  жалпы белгіленген тәртіпке ауысуы туралы хабарлады.

ТҰЖЫРЫМ

Салық салу режимін қолдануы туралы хабарлама 20 мамырда берілгендіктен, патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату күні хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні болып табылады, яғни 2014 жылғы 30 мамыр. Тиісінше  хабарлама ұсынылған  айдан кейінгі айдың бірінші күні, яғни 1 маусым салықтарды есептеудің төлеудің жалып белгіленген тәртібін қолдану басталған күн болып табылады. Бұл ретте маусымда алынған кіріске  салықтарды есептеудің  жалып белгіленген тәртібін салық салынатын болады. 

 

7. Салық кодексінің 431-бабының 6-тармағымен заң шығарушы, егер дара кәсіпкерде патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер сәйкессіздік шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тұратын жері бойынша  салық органына жалып белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу үшін салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламаны беруге міндетті.

8. Бұл ретте мұндай шарттар туындаған айдың бірінші күні дара кәсіпкердің жалып белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу күні болып табылады. Ал мұндай шарт туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату күні болып табылады.

 

3-ЖАҒДАЙ 

Қолданылу мерзімі 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап 2014 жылғы 30 маусымға дейінгі патенті бар дара кәсіпкер 2014 жылы18 наурызда жаңа дүкен ашты, осыған байланысты жұмысқа дүкенші алу қажеттілігі туындады. Бұл ретте ара кәсіпкер патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануды жалғастырды. Бұл фактіні салық органдарының жұмыскерлері әкімшілендіру барысында анықтады.

 ТҰЖЫРЫМ

Патенттің негізінде арнайы салық режимі жұмыскерлерді пайдалануды көздемегендіктен, тиісінше дара кәсіпкер он бес күндік мерзімде, яғни 2014 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті болды. Хабарламаның берілмегеніне қарамастан ауысу күні сәйкессіздік шарттары туындаған айдың бірінші күні, яғни 1 наурыз болып табылады. Бұл ретте салық төлеушінің  патенттің негізінде қолданылатын арнайы салық режимінің шарттарына сәйкес келмеу факті белгіленген кезде заң шығарушы мұндай салық төлеушілерді салық органдарының жалпы белгіленген тәртіпке ауыстыруын көздеді.