Date of publication: 16.02.2015 19:23
Date of changing: 15.07.2015 16:03

274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі.

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.

ТҮСІНІКТЕМЕ

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және ҚҚС асып кетуін салықтық тексеруді жүргізбестен қайтаруды болжайды.

Бұл ретте, оңайлатылған тәртіпте қайтарылған ҚҚС сомасының дұрыстығы талап қою мерзімі шегінде 60 жұмыс күн немесе күнтізбелік 180 күн ішінде салық заңнамасына сәйкес өткізілетін салықтық тексеру барысында расталады.

2. ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін ірі салық төлеушілер мониторингтегі салық төлеушілер және Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағымен айқындалған дербес білім беру ұйымдары 15 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Егер салық төлеуші ҚҚС асып кетуін қайтаруға арналған құқығын оңайлатылған тәртіпте қолданбаса, ҚҚС асып кетуін қайтару жалпы белгіленген тәртіпте 60 жұмыс және күнтізбелік 180 күн ішінде салықтық тексеруді өткізумен жүргізілуі мүмкін екенін атап өту қажет.

3. Салық кодексінің 274-бабын қолданған кезде,ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртібінде қайтару мақсаттары үшін салық төлеушілер нөлдік ставка бойынша салынатын айналымды растайтын қандай да бір құжаттарды ұсынбайтынын және Салық кодексінің 635-бабымен көзделген рәсімдері жүргізілмейтінін ескеру қажет.

2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен:

1) ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.

Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

Осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.

Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.

ТҮСІНІКТЕМЕ

1. ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға арналған құқықтың туындау шарттарының бірі салық төлеушінің ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұру тиістігі болып табылады.

ҚҚС төлеуші қай сәттен бастап ірі салық төлеуші мониторингінде тұрғанына байланысты, ҚҚС-ты қайтарудың оңайлатылған тәртібіне арналған құқық туындауының 2 нұсқасы бар.

1-ЖАҒДАЙ

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі енгізілді.

«А» ЖШС аталған тізбеге енгізілді, бұл ретте ЖШС ірі салық төлеуші мониторингінде 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап үздіксіз тұрған.

ТҰЖЫРЫМ

 «А» ЖШС ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібіне 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құқығы бар.

 

2-ЖАҒДАЙ

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі енгізілді.

«Б» ЖШС бұрын ірі салық төлеуші мониторингінде тұрмаған, ал осы тізбеге 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.

 

ТҰЖЫРЫМ

«Б» ЖШС ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібіне 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап құқығы бар.

 

2. Ірі салық төлеуші мониторингінде тұрған ҚҚС төлеушісінде, осы ҚҚС төлеушіні мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген сәтінен бастап құрылған ҚҚС асып кету сомасы ғана оңайлатылған тәртібінде қайтарудың құқығы бар.

Бұл ретте, ҚҚС төлеушісін ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізгенге дейін құрылған ҚҚС асып кету сомасы тек салықтық тексеру нәтижелері бойынша ғана қайтаруға жатады.

3. Мониторингке жататын ҚҚС төлеушісін ірі салық төлеушілер тізбесінен алып тастаған жағдайда, мұндай ҚҚС төлеушісі көрсетілген тізбеден алып тастау күнін болжайтын салық кезеңі ішінде ҚҚС асып кетуін қайтаруды салықтық тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

4. 1) тармақшасының бірінші абзацы нормаларын қолданған кезде, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесінің жоқтығы туралы талап салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелеріне де таралатынын ескеру қажет (олар болған жағдайда).

3-ЖАҒДАЙ

«А» ЖШС ірі салық төлеуші мониторингінде тұр, екі құрылымдық бөлімше бар.

ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі:

«А» ЖШС - жоқ

1 құрылымдық бөлімшеде – жоқ

2 құрылымдық бөлімшеде– мүлікке арналған салық бойынша бар

 

ТҰЖЫРЫМ

 «А» ЖШС ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығы жоқ.

 

5. 1) тармақшаның бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және 70 пайыз мөлшерінде оңайлатылған тәртіпте қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасына шектеуді белгілейді.

 

4-ЖАҒДАЙ

«А» ЖШС ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіпте қайтаруға құқығы бар. 2014 жылғы 1-тоқсан ішіндегі ҚҚС бойынша декларацияда ЖШС 1 500 000 теңге сомасында ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын көрсетті.

ТҰЖЫРЫМ

 «А» ЖШС оңайлатылған тәртіпте 1 050 000 теңге (1500000х70/100)  сомасында ҚҚС асып кетуін қайтаруға жатады.

 

5-ЖАҒДАЙ

«Б» ЖШС ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіпте қайтаруға құқығы бар. Бұрын ЖШС 2014 жылғы 1-тоқсан ішінде 70 000 теңге сомасында ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіпте қайтаруды алды (2014 жылғы 1-тоқсан ішінде қалыптасқан және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС асып кетуінен 70 пайыз 1 000 000 теңге).

Нәтижесінде «Б» ЖШС көрсетілген салық кезеңі ішінде ҚҚС бойынша қосымша декларацияны ұсынды, оған сәйкес есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы артты, тиісінше, ҚҚС асып кету сомасы 1 000 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін артты.

Осыған байланысты, «Б» ЖШС 2014 жылғы 3-тоқсан ішіндегі ҚҚС бойынша декларацияда 500 000 теңге сомасында оңайлатылған тәртіпте 2014 жылғы 1-тоқсан ішінде ҚҚС қайтару туралы талапты көрсетті.

 

ТҰЖЫРЫМ

Б» ЖШС ұсынған ҚҚС бойынша қосымша декларацияны ескере отырып, 2014 жылғы 1-тоқсан кезеңі ішіндегі ҚҚС өзекті асып кетуі 1 500 000 теңгені құрады.

Тиісінше, 2014 жылғы 3-тоқсан ішіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС қайтару туралы талап бойынша оңайлатылған тәртіпте 350 000 теңге сомасында (1500000х70/100 - 700000) ҚҚС асып кетуін қайтаруға жатады.

 

6. Егер салық төлеуші аталған норма енгізілгенге дейін құрылған ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты (яғни 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін) ұсынса, оңайлатылған тәртіпте, сондай-ақ қайтаруға табыс етілген ҚҚС асып кету сомасынан 70 пайызы қайтаруға жатады.

Бұл ретте, егер салық төлеуші аталған норма енгізілгенге дейін (яғни 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін) құрылған ҚҚС асып кетуін қайтаруды оңайлатылған тәртіпте 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңі ішінде 100 пайыз мөлшерінде жүргізссе,  онда көрсетілген кезеңі ішінде ҚҚС қосымша сомасын қайтару туралы талапты 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін ұсынған кезде, ҚҚС сомасы мұндай салық кезеңдерінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасынан 70 пайызы шегінде оңайлатылған тәртіпте қайтаруға жатады.

 

6-ЖАҒДАЙ

«А» ЖШС 2012 жылғы 3-тоқсан ішінде 1 000 000 теңге сомасында ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіпте қайтаруды алды (2012 жылғы 3-тоқсан ішінде қалыптасқан және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген асып кету сомасынан 100 пайыз).

Нәтижесінде «А» ЖШС көрсетілген салық кезеңі ішінде ҚҚС бойынша қосымша декларацияны есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын ұлғайта отырып ұсынды, тиісінше, ҚҚС асып кету сомасы 1 000 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін артты.

Осыған байланысты, «А» ЖШС 2013 жылғы 3-тоқсан ішіндегі ҚҚС бойынша декларацияда 500 000 теңге сомасында оңайлатылған тәртіпте 2013 жылғы 3-тоқсан ішінде ҚҚС қайтару туралы талапты көрсетті.

 

ТҰЖЫРЫМ

 «А» ЖШС ұсынған ҚҚС бойынша қосымша декларацияны ескере отырып, 2012 жылғы 3-тоқсан ішіндегі ҚҚС өзекті асып кетуі 1 500 000 теңгені құрады.

Тиісінше, 2014 жылғы 3-тоқсан ішіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС қайтару туралы талап бойынша оңайлатылған тәртіпте 50 000 теңге сомасында (1500000х70/100 - 1000000) ҚҚС асып кетуін қайтаруға жатады.

7. 1) тармақшаның бесінші абзацын қолданған кезде, ҚҚС асып кеткен қалған сомасының 30 пайыз мөлшері салық заңнамасына сәйкес қайтаруға табыс етілген, оның ішінде оңайлатылған тәртіпте қайтарылған ҚҚС сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1707 қаулысымен бекітілген Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағиданың 26-тармағы).