Date of publication: 12.12.2015 15:55
Date of changing: 18.12.2015 17:49

1. Тізбеге енгізілген тауар төмендетілген кедендік баж ставкілері (ДСҰ) қолданылып ішкі тұтыну үшін төленіп ҚР аумағына үшінші елден әкелінсе және ҚР аумағында өткізілсе. ЭШФ қалай рәсімделеді?

ЭШФ міндетті көрсетілуі тиіс реквизиттерден басқа негізгі мынадай реквизиттер болып табылады:

1) В бөлімнің 12-жолында «ДСҰ» әріптері;

2) G бөлімнің 3-бағанында тауарлардың декларациясында көрсетілген - СЭҚ ТН коды;

3) G бөлімнің 14-бағанында - тауарларға декларацияның нөмірі (мысалыға 50522/181215/0000021);

4) G бөлімнің 15-бағанында - Тауарларға арналған декларацияның   32-жолында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі көрсетіледі.

2. Тізбеге енгізілген тауар ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша кедендік баж төленіп ҚР аумағына үшінші елден әкелінсе және ҚР аумағында өткізілсе. ЭШФ қалай рәсімделеді?

ЭШФ міндетті көрсетілуі тиіс реквизиттерден басқа негізгі мынадай реквизиттер болып табылады:

5) В бөлімнің 12-жолында «ДСҰ» әріптері;

6) G бөлімнің 3-бағанында тауарлардың декларациясында көрсетілген - СЭҚ ТН коды;

7) G бөлімнің 14-бағанында - тауарларға декларацияның нөмірі (мысалыға 50522/181215/0000021);

8) G бөлімнің 15-бағанында - Тауарларға арналған декларацияның  32-жолында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі көрсетіледі.

3. Тізбеге енгізілген тауар ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша кедендік баж төленіп ҚР аумағына үшінші елден әкелінсе және қайта сатылмай Ресей Федерациясының аумағына әкетілсе. ЭШФ қалай рәсімделеді?

ЭШФ міндетті көрсетілуі тиіс реквизиттерден басқа негізгі мынадай реквизиттер болып табылады:

1) В бөлімнің 10-жолындағы F ұяшықта жеткізуші экспортер болып табылатындығы туралы белгі қойылады;

2) В бөлімнің 12-жолында «БКТ» әріптері көрсетіледі;

3) С бөлімнің 20-жолында Тізбеге енгізілген тауар аумағына әкетілетін ЕАЭО мүше-мемлекеттің әріптік кодтары көрсетіледі;

4) С бөлімнің 21-жолындағы F ұяшықта тауарды алушы резидент емес болып табылатындығы туралы белгі қойылады;

5) Е бөлімнің 28-жолында «Межелі пункт» ЕАЭО мүше-мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі тауарды жеткізу орны болып көрсетіледі;

6) G бөлімнің 3-бағанында тауарлардың декларациясында көрсетілген - СЭҚ ТН коды;

7) G бөлімнің 14-бағанында - тауарларға декларацияның нөмірі (мысалыға 50522/181215/0000021);

8) G бөлімнің 15-бағанында - Тауарларға арналған декларацияның  32-жолында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі көрсетіледі.

4. Тізбеге енгізілген тауарды импорттаушыдан сатып алған, үшінші елдерден ҚР аумағына әкелінетін, осындай тауарға ЕАЭО БКТ ставкісі бойынша кедендік баждар төленсе және ҚР аумағында өткізілсе. ЭШФ қалай ресімделеді?

ЭШФ міндетті көрсетілуі тиіс реквизиттерден басқа негізгі мынадай реквизиттер болып табылады:

1) В бөлімінің 12-жолында «БКТ» әріптері көрсетіледі;

2) G бөлімінің 3-бағанында – импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген ТН СЭҚ коды;

3) G бөлімінің 14-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген тауар декларациясының нөмірі (мысалы 50522/181215/0000021);

4) G бөлімінің 15-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген тауардың реттік нөмірі;

5) І бөлімінің ЭШФ 35-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-ның 1-жолында көрсетілген ЭШФ-ның нөмірі көрсетіледі.

5. Тізбеге енгізілген тауарды импорттаушыдан сатып алған, үшінші елдерден ҚР аумағына әкелінетін, осындай тауарға ЕАЭО БКТ ставкісі бойынша кедендік баждар төленген және Ресей Федерациясы аумағына әкетілген. ЭШФ қалай ресімделеді?

ЭШФ міндетті көрсетілуі тиіс реквизиттерден басқа негізгі мынадай реквизиттер болып табылады:

1) В бөлімінің 10-жолында жеткізуші экспорттаушы болғандықтан F ұяшығында белгі қойылады;

2) В бөлімінің 12-жолында «БКТ» әріптері көрсетіледі;

3) С бөлімінің 20-жолында Тізбеге енгізілген тауарды аумағына әкететін ЕАЭО мүше елдердің әріптік коды (RUS) көрсетіледі;

4) С бөлімінің 21-жолында тауарды алушы резидент емес болғандықтан F ұяшығында белгі қойылады;

5) Е бөлімінің «Межелі пункт» 28-жолында тауарды жеткізу орны ЕАЭО мүше елдердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі көрсетіледі;

6) G бөлімінің 3-бағанында – импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген ТН СЭҚ коды;

7) G бөлімінің 14-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген тауар декларациясының нөмірі (мысалы 50522/181215/0000021);

8) G бөлімінің 15-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-да көрсетілген тауардың реттік нөмірі;

9) І бөлімінің ЭШФ 35-бағанында - импорттаушы жазып берген ЭШФ-ның 1-жолында көрсетілген ЭШФ-ның нөмірі көрсетіледі.

6. Тізбеге енгізілген тауарды үшінші елдерден төмендетілген ставкі бойынша кедендік баждарды төлеп (ДСҰ) ішкі тұтыну үшін ҚР аумағына әкелінген және Ресей Федерациясы аумағына әкетіледі. ЭШФ қалай ресімделеді?

үшінші елдерден төмендетілген ставкіні қолдану арқылы кедендік әкелу бажын төлеп (ДСҰ) ҚР аумағына әкелген тізбеге енгізілген тауарды әкетуге тыйым салынады.

7. Мемлекеттік кірістер органдарында растау үшін ЭШФ-ның көшірмесін қалай алады?

ЭШФ-ның көшірмесін алу үшін Сіз дербес кілтті пайдалану арқылы (ЭЦҚ) ЭШФ АЖ-не кіруіңіз қажет, ЭШФ журналында Сізге қажетті ЭШФ табасыз және оны басып шығарасыз.

8. Менде ЭШФ-ны толтыру кезінде проблемалар туындады, қайда жүгінуіме болады?

Егер Сізде ЭШФ-ны толтыру кезінде проблемалар туындаса, проблемаларды егжей-тегжейлі көрсете отырып esfsupport@osdkz.com қолдау қызметінің мекенжайына жүгінесіз.