Date of publication: 21.12.2015 16:08
Date of changing: 21.12.2015 16:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау туралы

Халықаралық практикада тұрғындардың нақты табыстарын салықтық бақылау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл құралы ретінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Олардың ішінде: АҚШ, Канада, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Аустралия, Чехия, Италия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Швейцария, Чили, Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Мажарстан, Польша, Португалия, Испания, Эстония, Норвегия, Нидерланды, Словения және басқалары.

Қазақстан Республикасында барлық жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде. 2015 жылдың 18 қарашасында Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды. Заң Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 42-қадамын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны орындау аясында әзірленді.

Заңмен табыстар мен мүлікті декларациялау жүйесіне кезеңді ену көзделеді. Мәселен, 2017 жылғы 1-кезеңде жеке тұлғалардың дайындалған санаты ретінде мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметшілері декларацияны ұсынады. 2020 жылдан бастап 2-кезеңде барлық қалған жеке тұлғаларды қамтиды.

Декларацияны Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, оларға тіркелген мүлік болған кезде кәмелетке толмаған тұлғалар (декларацияны тапсыру бойынша міндет кәмелетке толмаған тұлғалардың заңды өкілдеріне жүктелетін болады), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мүлігі болған немесе Қазақстан Республикасынан салық салынбаған табысы болған кезде шетелдіктер тапсыратын болады.

Декларациялау жүйесіне ену жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында және шегінен тыс жерлерде бар мүлкі, жинақтары, сондай-ақ жеке тұлғалардың талаптары мен міндеттемелері туралы мәліметтері көрсетілетін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны («кіру» декларация) ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады.

Кейіннен табыстары, мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, қатысу үлесі және т.б.) мүлікті иеліктен айыру немесе сатып алу туралы мәліметтер, мұндай мүлікті сатып алуға шығындар, сондай-ақ мұндай шығыстардың көздері көрсетілетін жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация (жыл сайынғы декларация) тапсырылады.

Бұл ретте, табысы жоқ тұлғалар, немесе мемлекеттік қызметші, депутат, судья, өз бетінше жұмыс жасайтын адамдар болып табылмайтын, тек еңбек ақы немесе зейнетақы түрінде ғана табыстарды алатын тұлғалар, декларацияны
бір парақтағы оңайлатылған нысанда тапсыратын болады.

Сондай-ақ Заңмен салық шегерімдерін кеңейту қарастырылған. Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, міндетті зейнетақы төлемдері, ең төменгі айлық есептік көрсеткіш, ерікті зейнетақы төлемдері, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге жұмсалған шығыстары, тұрғын-үй құрылыс жинақ банкісінен алған қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге бағытталған сомалары, медициналық қызметтерге жұмсалған шығындарды төлеуге бағытталған шығыстарды төлеу түріндегі қолданыстағы салық шегерімдерінен бөлек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ерікті медициналық сақтандыру, көп балалы отбасылар үшін, білім алуға жұмсалған шығыстары бойынша, ҚР-ның кез-келген банкісінен алынған ипотекалық тұрғын-үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге салық шегерімдері қолданылатын болады.

Бұл ретте, Заңмен жұмыс берушімен төлем көзінде қолданылмаған салық шегерімдері болып, жеке тұлға декларацияны тапсыру барысында дербес қолдануы нәтижесінде пайда болған жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қаутару қарастырылған.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген салық бақылауы мақсатында сонымен қатар, үшінші тұлғалардан алынған мәліметтер қолданылады.

Сондай-ақ жеке тұлғаның жариялаған табыстары шын мәніндегі табыстарына сәйкес келмеген жағдайда, жанама әдіспен анықталған табыстан жеке табыс салығын есептеу бойынша норма қарастырылған.

Заңмен қарастырылған шаралардың іске асырылуы салық салудан жалтаруды анықтау және көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында толыққанды бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz