Date of publication: 05.01.2016 18:19
Date of changing: 05.01.2016 18:20

Бақылау-касса машиналарын жаңаша  қолдану тәртіптері мен мәселелері бойынша  баспасөз-түйіні

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда №1129 қаулысын бекіткенін (бұдан әрі - Қаулы) хабарлайды.

Қаулыға сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер келесі кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті:

ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату;

металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату;

компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату;

аудио және бейне техниканы бөлшек саудада сату;

тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату;

жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату;

қонақүйлердіңкөрсетілетін қызметтерді ұсынуы;

мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет;

шаштараздардың жәнесұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы.

2015 жылғы 1 шілдесінен бастап бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екенін еске саламыз.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1393 қаулысына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ фискалдық деректер операторы болып бекітілген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті