Date of publication: 17.02.2015 00:11
Date of changing: 15.07.2015 10:26

100-бап. Шегерім

14.Салық төлеушi мыналарға:

1) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне қызметкерлердiң жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, бiр қызметкерге республикалық бюджет туралы заңдабелгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мiндеттi мүшелiк жарналардың шектi мөлшерiнен аспайтын мөлшерде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.

ТҮСІНДІРМЕЛЕР

1. Салық кодексінің 100-бабының 14-тармағы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста. 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған тармақжеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi төлеген,жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналарын шегерiмге жатқызу бойынша ережені белгіледі. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған тармақ 2) тармақшамен толықтырылды, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төлеген мүшелiк жарналарын шегерiмге жатқызу қағидасы белгіленді.

2. Салық кодексінің 100-бабының базалық ережелеріне сәйкес Салық кодексінде белгіленген жағдайлардағы шектеулерді ескере отырып кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады. 14-тармақта мұндай шектеу мүшелiк жарналарды шегерiмге жатқызу бөлігінде.

3. 14-тармақта төлеу кезінде мүшелік жарналары шегерімге жататын тұлғалар шеңбері айқындалған, атап айтқанда,жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы. Алайда,шегерімге жататын мүшелік жарналардың мөлшері бойынша шектеу әр қайсысына қатысты әртүрлі.

4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi төлеген мүшелік жарналарға қатысты «Жеке кәсіпкерлік туралы», тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алу қажет.

«Жеке кәсіпкерлік туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн қаржыландыру жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ерiктi мүшелiк жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қамтамасыз етiлетіні көзделген.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру және қорғау қорғау үшін құратын коммерциялық емес ұйым.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі төлейтін мүшелік жарналарды айқындау кезінде айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшері ескеріледі:

Жыл ішінде қызметкерлердің

жылдар

АЕК мөлшері теңгемен

2009

1273

2010

1413

2011

1512

2012

1618

2013

1731

2014

1852

2015

1982

орташа тізімдік саны Статистика агенттігі төрағасының 2009 жылғы 7 тамыздағы №128 бұйрығымен бекітілген Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi толтыру бойынша нұсқаулыққа еңбек бойынша статистикалық есептілікті толтыру нұсқаулығына сәйкес  айқындалады.

Мәселен, көрсетілген нұсқаулықтың 20 және 21-тармақтарына сәйкесҚызметкерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны есептi жылдың барлық орташа айларындағы қызметкерлердiң орташа санын қосу және алынған қосындыны 12-ге бөлу жолымен анықталады. Егер ұйым толық жыл iстемесе (жұмыс сипаты маусымдық немесе пайдалануға есептiк жылдың қаңтарынан кейiн құрылған), онда қызметкерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны ұйымның жұмыс iстеген барлық айларындағы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын қосып, алынған қосындыны 12-ге бөлу жолымен анықталады.

1-ЖАҒДАЙ

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны 30 адамды құрайды. 2014 жылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi 60 000 теңге мөлшерінде мүшелік жарна аударды.

ҚОРТЫНДЫ

2014 жылы АЕК мөлшері 1852 теңгені құрағанын ескеріп, 2014 жылы 55 560 теңге шегерімге жатады  (1852 тенге х 30 чел.).

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төлеген мүшелiк жарналарына қатысты Салық кодексі «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1560 қаулысына сілтеме жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.

Бұл ретте міндетті мүшелік жарналардыңшекті мөлшері кәсіпкерлік субъекттілер салық төлеушілердің қандай санатына жататынан байланысты.

Көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндетті мүшелік жарналарының мынадай шекті мөлшері бекітілген:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда 60 000АЕКмөлшерінен асатын және АЕК 1 500 000 мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін –есепті күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға 160 АЕК мөлшерінде;

2) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда 1 500 000 АЕК мөлшерінен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлер үшін - есепті күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға 4 000 АЕК мөлшеріндебекітілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасытөлейтін мүшелік жарналарды айқындау кезінде айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшері ескеріледі:

жылдар

АЕК мөлшері теңгемен

2009

1273

2010

1413

2011

1512

2012

1618

2013

1731

2014

1852

2015

1982

 

2-ЖАҒДАЙ

Салық төлеушінің жиынтық жылдық кірісі 2013 жылы -120 000 000 теңгені, 2014 жылы – 3 500 000 000 теңгені құрады.

 

ҚОРТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңміндетті мүшелік жарналарының мөлшері:

1) 2014 жылы - 296 320 теңгеніқұрады (160х1852), салық төлеушінің жиынтық жылдық кірісі 2013 жылы 60 000 АЕК асқандықтан (103 860 000 теңге = 60 000х1731 теңге) және 1 500 000 АЕК аспағандықтан (2 596 500 000 = 1 500 000х1731 теңге);

Бұл ретте есепті күнтізбелік  жыл ішінде мүшелік жарнаны төлеу бойынша міндетті айқындау кезінде жылдық жиынтық кірісті - есепті жылдың алдындағы АЕК айқындау үшін, есепті күнтізбелік  жылда 1 қаңтарда белгіленген АЕК мөлшері қолданылатынына назар аудару керек.

2) 2015 жылы – 7 928 000 теңгеніқұрады (4000х1982, егер 2015 жылы АЕК мөлшері 1982 теңгегі құраған жағдайда), салық төлеушінің жиынтық жылдық кірісі 2014жылы 1 500 000 АЕК асқандықтан (2 778 000 000 = 1 500 000х1852 теңге).

 

6.Салық кодексінің 100-бабының 3-тармағында шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жататыны белгіленген.

Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілер міндетті мүшелік жарналарды жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде төлейді.

Осылайша, мүшелік жарналар артық төлем түрінде төленген жағдайда, салық төлеушіде төлем бойынша міндеттеме туындаған салық кезеңінде төленген сома шегерімге жатқызуға жатады.

3-ЖАҒДАЙ

Салық төлеуші 2013 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына 2014 жылғы мүшелік жарнаны 350 000 теңге мөлшерінде төледі. Бұл ретте 2013 жылғы жиынтық жылдық кіріс 150 000 000 теңгені құрады, яғни 60 000 АЕК артық (103 860 000 теңге = 60 000х1731 теңге) және 1 500 000 АЕК аспайды (2 596 500 000 = 1 500 000х1731 теңге). 2014 жылғы жиынтық жылдық кіріс200 000 000 теңгені құрады, яғни 60 000 АЕК артық (111 120 000 теңге = 60 000х1852 теңге) және 1 500 000 АЕК аспайды (2 778 000 000 = 1 500 000х1852 теңге). 2015 жылы мүшелік жарнаны  төлеу жүргізілген жоқ.

ҚОРТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасынаміндетті мүшелік жарна мөлшері 2014 жылы 160 АЕК құрады = 296 320 теңге (160х1852).

Тиісінше, 2014 жылы 296 320 теңге мөлшеріндегі сома шегеруге жатады.  2015 жылы егер АЕК мөлшері 1982 теңгені құраған жағдайда, мүшелік жарналар бойынша міндеттемелер  160 АЕК = 317 120 теңге (160х1982). Алайда, салық төлеуші мүшелік жарна бойынша тек 53 680 теңге мөлшерінде ғанаартық төлемге ие болғандықтан (350 000  – 296 320= 53 680), 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасынатөленген мүшелік жарна бойынша шегеру 53 680 теңге мөлшерінде қолданылады.