Date of publication: 19.04.2019 16:49
Date of changing: 19.04.2019 17:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау» тақырыбында семинар өткізілді

2019 жылдың 17-19 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы «Екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау» тақырыбында бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің және жұмысшыларының құзыретін арттыру және алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану.

Семинарға тыңдаушылар ретінде экспорттық бақылауды іске асыратын және осы бақылауды әкімшілендіретін аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Асылхан Тулеубаевич Айгелов – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы қатысты.

Семинарға қатысушылар экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттарымен, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түрлерімен, жүктердегі химиялық заттардың сәйкестендірулерімен, халықаралық қауіптілік символдарымен, биологиялық қарудың негізгі әрекеті және түрлерімен, ядерлық материалдардың түрлерімен және екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)