Date of publication: 15.01.2016 10:01
Date of changing: 15.01.2016 10:07

3.120.002 нұсқасына дейін салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасын жаңарту

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сізге 2016 жылдың 14 қаңтарында 3.120.002 нұсқасына дейін салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасын жаңарту жүргізілгенін хабарлайды.

  • Салық инспекторы үшін СЕӨС клиенттік қосымшасы (жүктеп алу);
  • Клиенттік қосымша жұмыс істеу үшін қажетті, жүйелік кітапханалар (жүктеп алу);
  • Клиенттік қосымшаны орнату және баптау бойынша ескертпе (жүктеп алу);
  • Клиенттік қосымшада жұмыс бойынша пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеп алу).
     

Клиенттік қосымшаның осы нұсқасында :

  • 328.00 СЕН шаблонын жетілдіру жүргізілді: «Ұсыну тәсілі» толтырылуы міндетті жол қосылды.
  • Салық төлеушілер үшін жаңа хабарлаулар қосылды:
  • Кедендік одақтың мүшелерінің – мемлекеттерінің салық органдарына жіберілмеген, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің өтінішінде ФЛБ қателері туралы хабарлау;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданбаған, Кедендік одақ мүшесінің-мемлекетінің салық төлеушісінің өтінішінде ФЛБ қателері туралы хабарлау;
  • Кедендік одақтың мүшелерінің – мемлекеттерінің салық органдарымен қабылданбаған, Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің өтінішінде  ФЛБ қателері туралы хабарлауы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2016 жылдың 15 қаңтарынан бастап 8 нұсқасының шаблонында толтырылған, 328.00 СЕН форматқа сәйкес келмеу қатесі үшін жүйеге қабылданбайды. 328.00 СЕН 9 нұсқасындағы шаблонда ғана ұсыну қажет