Date of publication: 21.06.2019 12:27
Date of changing: 21.06.2019 12:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗАРА САУДА ДЕРЕКТЕРІН САЛЫСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 15-ШІ САРАПШЫЛАР ОТЫРЫСЫ

 

 

2019 жылғы 18 бастап 20 дейінгі маусым аралығындағы кезеңде Бурабай аулында (Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы кеден қызметтері сарапшыларының екі елдің өзара сауда деректерін салыстырып тексеру мәселелері жөніндегі 15-ші отырысы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Еуразияның нақ ортасында, Батыс пен Шығысты өзара қосатын көлік және байланыс ағындарының торабында орналасқан.

Қазақстанның географиялық орналасқан орны мен онда болып жатқан саяси-экономикалық үдерістер ел ЖІӨ-ндегі сауданың айтарлықтай үлестік салмағына әсер етті. 

Қазақстанның серіктес елдерімен сауда айналымына талдау жасай отырып, Қытайдың жетекші орнын атап өту қажет. Оған шекараның жақындығы, «Қорғас» ХШСО ашылуы, сондай-ақ қытайлық тауарлардың ЕАЭО және Еуропа елдеріне транзиті сияқты факторлар ықпал етеді.

Өзара сауда мәліметтерін салыстыру (әртүрлі әдістемелердің қателіктерін ескере отырып) ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚХР Басты кедендік басқармасының өзара әрекеттестігінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Себебі ол кедендік және салықтық төлемдерді бюджетке төлемеу бөлігіндегі заңнаманы бұзушылықтарды ашуға, бұзушылықтардың мәні болып табылатын тауарлар топтарын анықтауға, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға сәйкес ұсынымдар енгізуге мүмкіндік береді.

Бірқатар жылдар бойы өзара сауда мәліметтерін салыстыру барысында Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы бойынша айырмашылықтың бары байқалады.

Өзара сауданың кедендік статистикасындағы айырмашылықты төмендетудің, сондай-ақ салыстырып талдау тиімділігін арттыру маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан және Қытай кеден қызметтерінің арасында 2018 жылғы 26 сәуірде  Бейжің қаласында, 2-ші «Бір белдеу – бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумы барысында Сыртқы сауданың кедендік статистикасы саласында әдістемелік және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойылды.

Бұл құжат – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өзара сауда мәліметтерін салыстыру мәселелері жөніндегі отырысы барысында сарапшылар үшін салыстырып талдауды жүргізудің бағыттары мен негізгі тәсілдерін анықтап берді.

Үш күндік жұмыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚХР Басты кедендік басқармасының сарапшылары 2018 жылғы өзара сауданың статистикалық мәліметтеріне талдау жүргізді, Хаттаманы іс жүзіне асыру бойынша әрі қарайғы іс-шараларды жүргізуді талқылады, екі елдің өзара сауда-саттық мәліметтерін салыстыру мәселелері жөніндегі кезектен тыс сарапшылар отырысында (2019 ж. 22-23 қаңтар) қол жеткізілген келісімдер шеңберінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады.  

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)