Date of publication: 24.06.2019 12:43
Date of changing: 24.06.2019 12:54

                                   Құрметті салық төлеушілер!

            Келесі қызмет түрімен айналысатын құрметті салық төлеушілер:

           лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

          ломбардтар;

          бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

          жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.

            Сіздің назарыңызға, жоғарыда көрсетілген  қызмет түрімен айналысатын  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының  (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3 бабы 1 тармағына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің бірі болып табылатынын хабарлаймыз.

            Сонымен қатар, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері Қаржы мониторингі комитетіне, «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен көзделген тіртіппен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаны жіберуге міндетті.

          Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейтінін атап өткен жөн.

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 463-бабына сәйкес хабарламаны жібермеу үшін жауаптылық көзделген.

         Жоғарыда көрсетілген хабарламаны тапсыру «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған, осыған орай хабарламаны электронды түрде жіберу мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз. 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген, Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараты (ҚМ-1 нысаны) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы  жібереді.

АРМ-СФМ және Web-СФМ тіркелу https://kfm.gov.kz/ru/to-help-sps/sdvo/   сілтемесі бойынша жүзеге асырылады.

         Қосымша сұрақтар бойынша Қаржы мониторингі комитетіне келесі байланыс бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74-97-52,                           74-97-49, 74-92-26, 74-97-39