Date of publication: 25.06.2019 12:36
Date of changing: 25.06.2019 12:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«ТАУАРЛАР ЖІКТЕЛІМІ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ҚҰНДЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК,  САУДА ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ USAID ЖОБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ

 

2019 жылғы 24-28 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Комитеттің ОӘО) Комитеттің КӘД Тауарлардың жіктеу және шығарылған жері басқармасымен бірлесіп «Тауарлар жіктелімі және кедендік құнды анықтау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Орталық Азияда бәсекеге қабілеттілік,  сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасының қолдауымен халықаралық семинарды өткізуде.

Семинардың өзектілігі толық көлемде кедендік төлемдер мен салықтарды алуға, тарифтік және тарифтік емес реттеулер шараларын қолдануға, сонымен қатар, декларацияланған тауарлар бойынша статистикалық деректерді қалыптастыруға әсер ететін  тауарлар жіктелімі және кедендік құнды бақылау мәселелері болып табылады.

Семинардың ашылуында ҚР ҚМ МКК төраға орынбасары Бейспеков Өмірзақ Көбегенұлы сөз сөйлеп, сауда статистикасы мен кедендік тарифтерді қалыптастыруға әсерін тигізетін және тауарлар жіктелімін бірыңғай стандарттау мен халықарарлық сауда үшін қарарстырылатын сұрақтардың маңыздылығын мен өзектілігін атап өтті.

Жоғарыда аталған семинарды өткізуге Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшылары Луо Джиабин мырза және Лин Хонг ханым шақырылды.

Осы семинардың модераторлары ретінде Абдыкерова Светлана Жанузаковна – Комитеттің Тауарлардың жіктеу және шығарылған жері басқармасы басшысы және Биекенов Серік Кеңесұлы – Комитеттің ОӘО басшы орынбасары семинар барысын үйлестірді.

Іс шараға қатысушылар ретінде Орталық Азия (Өзбекстан, Түркменістан, Тәжікстан) және ЕАЭО (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) елдерінің кедендік қызмет өкілдері  және МКК орталық аппараты мен мемлекеттік кірістер органдарының аймақтық бөлімшелер қызметкерлері шақырылды.

Семинар барысында Үйлестірілген жүйе (ҮЖ) құралдарын, ҮЖ конвенциясының нормативтік стандарттарын қолдану, тарифтік жіктеу, ДСҰ келісім шартының негізгі принциптері, кедендік құнды анықтау әдістері, Кірістер пакеті және оның құралдары бойынша мәселелер қарастырылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)