Date of publication: 27.01.2016 10:47
Date of changing: 27.01.2016 10:50

Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

         Қазіргі уақытта Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері біріктірілген Салық және Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) әзірлеуде.   

Кодексті әзірлеу мақсаты салықтық және кедендік рәсімдерді унификациялау, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату болып табылады.

Осы мақсаттарда Кодексті әзірлеу процесіне Сіздердің белсенді қатысуларыңыздың арқасында жету мүмкін.

Сіздерге, Кодекс жобасын талқылауға белсенді қатыса отырып, белсенді азаматтық айқындамаларыңызды білдіруді және азаматтар, бизнес және мемлекеттің өзара қарым-қатынасының неғұрлым тиімді моделі үшін негіз болатын өз идеяларыңызбен бөлісуді ұсынамыз.

Арнаулы осы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жинау, қарау, талдау және Сіздердің ұсыныстарыңызда талқылау тақырыптарына бөлінген  www.kgd.gov.kz  форумы ашылды.